23.09.2015, 17:27 4792

2020 жылдан бастап барлық қазақстандықтар табысы мен мүлкін декларациялайтын болады

Бүгiн Мәжiлiстiӊ жалпы отырысында депутаттар "ҚР кейбiр заӊнамалық актiлерiне жеке тұлғалардыӊ табыстары мен мүлкiн декларациялау мәселелері бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" ҚР Заӊыныӊ жобасын бiрiншi оқылымда мақұлдады

Астана. 23 қыркүйек. Kazakhstan Today - Бүгiн Мәжiлiстiӊ жалпы отырысында депутаттар "ҚР кейбiр заӊнамалық актiлерiне жеке тұлғалардыӊ табыстары мен мүлкiн декларациялау мәселелері бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" ҚР Заӊыныӊ жобасын бiрiншi оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Жалпыға бірдей декларациялауға көшу соӊғы уақытта қоғамда қызу талқыланып келеді. Көптеген дамыған елдер жеке тұлғаларды дербес декларациялау жүйесін салықтардыӊ толық төленуін қамтамасыз ету және көлеӊкелі экономикаға қарсы іс-қимылға арналған тиімді құрал ретінде бағалайды. Заӊ жобасыныӊ негізгі бөлігі жеке тұлғалардыӊ декларация толтыру және оны тапсыру рәсімдерін регламенттеуге арналған, деп хабарлайды strategy2050.kz тілшісі.

Атап айтқанда, декларация тапсыруы міндетті болатын тұлғалар аясы дәл анықталды, декларациялардыӊ нысандары, оларды толтыру қағидалары, сондай-ақ оларды табыс ету мерзімдері айқындалды. Заӊ жобасында Декларациялау жүйесіне "кіруді" кезеӊ-кезеӊмен жүзеге асыру ұсынылады. Осылайша, бірінші кезеӊде, яғни 2017 жылы, Декларациялау жүйесіне халықтыӊ неғұрлым дайындалған бөлігін тарту жоспарлануда.

"Мұнда, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заӊнама талаптарына байланысты декларацияны тапсыру міндеттері қазірдіӊ өзінде жүктелген тұлғалар туралы айтылып отыр. Бұл - депутаттар, судьялар, мемлекеттік қызметшілер, сондай-ақ олардыӊ жұбайлары. Сонымен қатар, бірінші кезеӊде, пилот ретінде ұлттық компаниялардыӊ әкімшілік персоналын және мемлекеттік кәсіпорындардыӊ қызметкерлерін декларациялау жүйесіне енгізу ұсынылады", - деді Қаржы министрі.

Декларацияны тапсырудыӊ екінші кезеӊі 2020 жылы декларациялауға халықтыӊ қалған бөлігін тартуға көзделген.

Кезеӊдер арасындағы үш жыл уақытты бақылау жүйелерін қабылдау және өӊдеуге, тұрақтандыру рәсімдерін талдау және жетілдіруге, сондай-ақ бұқаралық-медиа арқылы кеӊ ауқымды жұмысты жүргізуге пайдалану жоспарлануда", - деп мәлiмдедi министр.

Оныӊ айтуынша, Декларациялау жүйесініӊ өзі екі түрлі декларация ұсынуды көздейді. Біріншісi - бір-ақ рет тапсырылатын "кіріс" декларациясы деп аталатын аталмыш активтер және міндеттемелер туралы декларация. Екінші декларация жеке тұлғалардыӊ табысы және мүлкі туралы декларация деп аталады және ол жыл сайын тапсырылады.

"Бұдан басқа, ұсынылып отырған заӊ жобасы жаӊалықтарыныӊ бірі - жеке тұлғаныӊ әлеуметтiк шығыстарына қолданылатын салық шегерімдерін кеӊейту болып табылады. Сонымен қатар, 4 және одан да көп баласы бар көп балалы отбасыларға, 12 еӊ төмен жалақы көрсеткіші болатын стандартты салық шегеріміне қоса, бір жылда бір отбасыға тағы 24 еӊ төмен жалақы көрсеткіші қосымша беріледі", - деп түйiндедi Б.Сұлтанов.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны