21.06.2013, 14:50 2814

2020 жылға қарай Қазақстанда мұнай өндірісі 130 млн. тоннаға дейін артады

Қазақстанда 2020 жылға қарай мұнай өндірісі қазіргі 80 млн.тоннадан шамамен 130 млн.тоннаға дейін артатын болады.

Астана. 21-маусым. Kazakhstan Today - 2020 жылға қарай Қазақстанда мұнай өндірісі 130 млн. тоннаға дейін артады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазақстанда 2020 жылға қарай мұнай өндірісі қазіргі 80 млн.тоннадан шамамен 130 млн.тоннаға дейін артатын болады.

Бұл туралы Атырауда өткен "Каспий шельфін дамыту" III-ші халықаралық мұнай-газ конференциясында "KAZENERGY" қауымдастығының бас директоры Исет Мағауов мәлімдеді.

Оның айтуынша, ондаған жылдар бойы игеріліп жатқан жер бетіндегі кен ошақтарының қоры азайып келеді және олардың денінде өндіру жұмыстары тиімділігін жоғалтуда. Сондықтан кезекте - болашағы бар жаңа кен орындарын игеру. Бұл бағытта Каспий шельфі алғашқы кезекте тұр. Оның есебінен елімізде өндірілген мұнайдың көлемін арттыруға жол ашылмақ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны