01.12.2022, 18:08 40516
Президент 2023-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бюджет туралы заңды бекітті
Достарға айту
Астана. 1 желтоқсан. KAZAKHSTAN TODAY - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "2023 - 2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін қазақстандық парламентшілер үш жылға арналған бюджетті мақұлдаған болатын.
Бұл құжатқа Сенат жалпы сомасы 71,8 млрд теңге болатын 57 түзету енгізді. Оның ішінде 2023 жылы 30 млрд теңге, 2024 жылы 29 млрд теңге, 2025 жылы 12,8 млрд теңге көзделген. Аталған шығындар автомобиль жолдарын дамытуға, халықты ауызсумен, табиғи газбен қамтамасыз етуге және өңірлерді қолдауға бағытталмақ. Сенат енгізген түзетулер репсубликалыө бюджет жобасының теңгерімділік өлшемшарттарына қайшы емес және Қазақстан экономкиасын әрі қарай дамытып, мемлекет басшысы қойған тапсырмаларды іске асыруға бағытталған", - деді Анатолий Бойчин.
Палата депутаттары аталған түзетулерді мақұлдау жөнінде қаулы қабылдады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
12.05.2026, 19:32 71326
Олжас Бектенов Берн одағының отырысына қатысушыларды Қазақстанда стратегиялық халықаралық инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға шақырды
Сурет: primeminister.kz
Достарға айту
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов экспорттық кредиттер мен инвестицияларды сақтандырушылардың ірі халықаралық бірлестігі - Берн одағының пленарлық отырысына қатысты, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Форум алғаш рет Орталық Азия өңірінде өткізіліп отыр. Отырыс жұмысына әлемнің 70-тен астам елінен 240-қа жуық делегат қатысуда. Олар - жетекші экспорттық-кредиттік агенттіктердің, эксимбанктердің, халықаралық қаржы институттарының және жаһандық сақтандыру корпорацияларының басшылары.
ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов аталған басқосудың стратегиялық миссиясын атап өтті. Еліміздің инвестициялық тартымдылығын нығайту Берн одағы мүшелері қызметінің негізгі бағыттары - халықаралық сауданың, көлік-логистикалық әлеуеттің және экспорттық мүмкіндіктердің дамуымен тығыз байланысты.
Олжас Бектенов еліміз Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың көшбасшылығымен саяси және экономикалық жаңғыртудың кешенді бағдарламасын дәйекті түрде жүзеге асырып келе жатқанын атап өтті. Жалпыхалықтық референдумда қабылданған жаңа Конституция Әділетті және Қуатты Қазақстан құруға бағытталған.
Отырысқа қатысушыларға Президент қойған міндеттерге сәйкес инвестициялық, экспорттық және іскерлік әлеуетті дамыту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы ақпарат берілді. Мемлекет үшін шетелдік әріптестермен сенімді диалог құру - сыртқы экономикалық саясаттың ажырамас бөлігі.
Мемлекет басшысы іскерлік ахуалды жақсартуға үнемі ерекше көңіл бөліп келеді. Бүгінде Қазақстан Орталық Азия аймағындағы ірі экономика ретінде өзінің ұлттық экономикасын құрылымдық трансформациялауды жалғастыруда. Тікелей шетелдік инвестициялар 14,4%-ға өсіп, $20,5 млрд-ты құрады, ал негізгі капиталға инвестициялар 13%-ға артып, $43,5 млрд рекордтық көрсеткішке жетті. Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 2025 жылы $144 млрд-қа дейін өсті. Қазақстандық өнімді жеткізу географиясы мен номенклатурасы кеңейіп келеді. Бүгінде біздің тауарлар әлемнің 127 еліне экспортталады, белсенді өнім түрлерінің тізімі 4 мыңға жақындады", - деді Олжас Бектенов.
2030 жылға дейінгі Сауда саясаты тұжырымдамасы аясында Қазақстан шикізаттық емес экспортты $52 млрд-қа дейін жеткізуді мақсат етіп отыр. Қазақстан халықаралық еркін сауда келісімдері желісін кеңейтуде. Вьетнаммен, Сербиямен жасалған келісімдерге қосымша БАӘ, Моңғолия және Индонезия қосылды. Бұл архитектурада Транскаспий халықаралық көлік бағыты ерекше рөл атқарады, мұнда трансконтиненталды экономикалық дәліздер жүйесін жетілдіруге, тауар айналымын арттыру және елдеріміздегі халықтың әл-ауқатын жақсартуға мүмкіндік беретін ірі инфрақұрылымдық бірқатар жоба жүзеге асырылуда. Шетелдік сапалы адами капиталды тарту үшін қолайлы жағдайлар жасау мақсатында Президенттің тапсырмасы бойынша көші-қон саясаты жетілдірілуде. Инвесторлар мен жоғары білікті мамандар үшін "Алтын виза" арнайы визалық режимі енгізілуде. Басым нарықтарда орналасқан Қазақстанның шетелдік сауда өкілдері және Экспорттық-кредиттік агенттіктің кеңселері кәсіпорындарға ішінара қолдау көрсетуге және халықаралық бизнестің сұраныстарына жедел ден қоюға бағдарланған.
Цифрлық күн тәртібі Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттырудың және бизнес үшін заманауи инфрақұрылым құрудың негізгі бағыттарының бірі ретінде белгіленген.
Ел Президенті жасанды интеллектіні дамытуға және Қазақстанды толыққанды цифрлық елге айналдыруға ерекше көңіл бөліп отыр. Қабылданып жатқан Digital Qazaqstan жалпыұлттық стратегиясы осы секторды ілгері дамытуға бағытталған", - деп атап өтті Олжас Бектенов.
Мұнда жасыл және исламдық қаржы құралдарын дамыту үшін ағылшын құқығы юрисдикциясында бірегей жағдайлар ұсынатын маңызды институт - "Астана" халықаралық қаржы орталығы.
ҚР Премьер-министрі делегаттарды Қазақстанда бизнесті дамыту, сауда қатынастарын кеңейту және өңірдегі инвестициялық қатысу үшін жасалған мүмкіндіктерді ескере отырып, белсенді ынтымақтастыққа шақырды. Экспорттық-кредиттік агенттік арқылы трансшекаралық мәмілелерді сақтандырудың тиімді тетіктері қолжетімді. "Бәйтерек" холдингінің желісі бойынша Қазақстанда стратегиялық халықаралық инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін қаржыландыру ұсынылады.
Біз қаржыландыру, сақтандыру және кепілдендіру құралдарын біртұтас қолдау жүйесіне біріктіреміз. Оның нәтижесінде жаңа жұмыс орындары ашылады, салық түсімдері артады және сапалы инвестициялар тартылады. Қазіргі уақытта "Бәйтерек" проактивті инвестициялық холдингтің моделіне көшуде. Үкіметпен бірлесіп 2032 жылға дейін жалпы сомасы шамамен $170 млрд-қа жуық перспективалы жобалар пулы құрылды. Осы ауқымды стратегияны жүзеге асыруда Берн одағы мүшелерінің сақтандыру және бірлескен қаржыландыру құралдарын ұсынудағы рөлі ерекше маңызды бола түсуде", - деді "Бәйтерек" ұлттық инвестициялық холдингі" АҚ басқарма төрағасы Рустам Қарағойшин.
Юичиро Акита өз сөзінде нарықтың қазіргі үрдістері мен өзгермелі жағдайлар аясындағы даму бағытына тоқталды.
Ұлы Жібек жолы дәуірінен бастап бүгінгі күнге дейін Қазақстан жаһандық сауда ағындарының, инвестициялар мен озық идеялардың түйіскен жерінде бола отырып, негізгі байланыстырушы буын мәртебесін сақтап келеді. Дәл осы жерде біз жаңа сын-қатерлерді саралап отырғанымыз - символдық мәні бар жайт. Бүгінгі таңда әлемдік қауымдастық қайтадан тарихи тоғысқан тұста тұр. Экспорттық-кредиттік агенттіктер неғұрлым стратегиялық және таңдаулы тәсілге көшетін өзара іс-қимылдың сапалық жағынан өзгеше архитектурасы қалыптасуда. Ағымдағы кездесулер аясындағы сындарлы пікір алмасу тиімді бірлескен шешімдер әзірлеуге берік негіз қалыптастыратынына сенімдімін", - деді Берн одағының президенті Юичиро Акита.
2025 жылдың қорытындысы бойынша Берн одағы мүшелері ұсынатын жиынтық сақтандыру көлемі жылына шамамен $3,7 трлн-ды құрайды. Бұл әлемдік трансшекаралық сауда айналымының шамамен 13%-ын қамтиды.
Берн одағының пленарлық отырысы жаһандық экономикалық күн тәртібі, инвестициялар мен Орталық Азияны дамыту стратегиясы, сондай-ақ қаржыландыру және инновациялар мәселелеріне арналған панельдік сессиялар форматында жалғасты.
Анықтама:
Берн одағы - экспорттық кредиттер мен инвестицияларды сақтандыратын ірі ұйымдарды біріктіретін жетекші халықаралық коммерциялық емес ұйым. 1934 жылы Бернде (Швейцария) құрылған одақ бүгінде Лондонда (Ұлыбритания) орналасқан. Ұйымның қызметі әлемдік сауданың дамуына жәрдемдесуге, экспорттық кредит беру саласында халықаралық стандарттарды енгізуге, сондай-ақ мемлекетаралық деңгейде сараптамалық тәжірибе мен ақпарат алмасуға арналған алаң қалыптастыруға бағытталған.
Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі - шикізаттық емес экспортты қолдау және ілгерілетуге маманданған ұлттық даму институты. Компания "Бәйтерек" ұлттық инвестициялық холдингі" АҚ құрылымына кіреді және Берн одағының Прага клубының толыққанды мүшесі болып саналады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
12.05.2026, 18:05 71591
Батыс Қазақстан облысында жел электр станциясының құрылысы басталады
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Аймақта алғаш рет жел электр станциясы салынады. Маңызды жоба Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңартылатын энергия көздерінің үлесін арттыру жөніндегі тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылады. Бүгін қуаты 50 МВт болатын энергетикалық нысанның құрылыс алаңында уақыт капсуласын салу рәсімі өтті. Оған аймақ басшысы Нариман Төреғалиев, қытайлық инвестор қатысты, деп хабарлайды БҚО әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Жел электр станциясын салу үшін 140 га жер телімі берілген. Аукцион нәтижесінде маңызды жобаны қолға алған "GREEN ENERGY INDUSTRIAL COMPANY CENTRAL ASIA" ЖШС директоры Гао Венкеның айтуынша, инвестиция көлемі - 21 млрд теңге. 8 ай бұрын аумақта анемометр орнатылған. Метеорологиялық құрылғының көмегімен анықталған желдің жылдамдығы станцияның қалыпты жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.
Жоба өңір экономикасының дамуына серпін беріп, инвестициялық тартымдылықты арттырады. Жаңа жұмыс орындары ашылады. Құрылыс осы айда басталып, келесі жылы толық аяқталады. Кепілдік мерзімі - 20 жыл. 5 адам тұрақты, 50 адам маусымдық жұмыспен қамтылады.
Облыс әкімі Нариман Төреғалиев энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары жүйелі жалғасатынын жеткізді. Жуырда Жәнібек ауданының Өнеге ауылында гибридті электр станциясының құрылысы басталады. Жоба нәтижесінде өңір импортқа тәуелділіктен арылады. Кейінгі 3 жылдың өзінде облысты энергиямен жабдықтауға 44 млрд теңгеден астам қаржы бағытталса, биыл 20 млрд теңге бөлінді. 2029 жылға қарай электр желілерінің тозу деңгейін 11 пайызға төмендету жоспарланып отыр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
12.05.2026, 17:35 53311
Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының орта білім беру жүйесіне жасанды интеллектіні ендіру жөніндегі шаралар туралы" Жарлыққа қол қойды
Достарға айту
Жарлықтың негізгі мақсаты - жасанды интеллект жедел дамып келе жатқан кезеңде Қазақстан Республикасының өркендеуін қамтамасыз етіп, адами капиталды ілгерілетуге үлес қосатын заманауи, инновациялық білім беру жүйесін қалыптастыруға жағдай жасау, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Жарлыққа сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі 2026 жылдың 1 шілдесіне дейін дербес оқыту тетігін, цифрлық инфрақұрылымды, педагог кадрлар даярлауды, білім алушылардың жеке мәліметтерін қорғауды көздейтін Орта білім беру жүйесіне жасанды интеллектіні енгізудің 2026-2029 жылдарға арналған кешенді іс-шаралар жоспарын бекітеді.
Жарлықта Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңестің мүшесі Ли Кай-Фудің ұсынымдарын жұмыс барысында қолдану қарастырылған. Үкімет қала мен ауыл мектептері арасында білім беру сапасының алшақтығын қысқарту мақсатында 2026 жылдың 1 маусымына дейін орта білім беру саласындағы пилоттық жобаны іске асыру, оны одан әрі кеңінен тарату жөнінде нақты ұсыныстар енгізуге тиіс.
2026 жылдың 1 тамызына дейін пилоттық жобаны іске асыру аясында мектептер техникалық тұрғыдан жарақтандырылады, соның ішінде тұрақты, жылдамдығы жоғары интернетпен қамтамасыз етіледі.
2026 жылдың 1 қыркүйегіне дейін орта білім беру жүйесінде жасанды интеллектіні қолдану стандарттары бекітіледі.
Сондай-ақ 2026 жылдың 1 қыркүйегіне дейін педагогтердің кәсіби тұрғыдан үздіксіз дамуын көздей отырып, олардың қызметіне нұқсан келтірмей әрі алмастырмай жасанды интеллект технологияларын білім беру процесінде қосымша тиімді құрал ретінде пайдалануды қамтамасыз ететін шаралар жоспары қабылданады.
Жарлық мәтіні баспасөзде жарияланады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
12.05.2026, 16:45 75481
ШҚО-да ауылды дамытуға бағытталған жаңа жоба басталды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Манат ауылында ауыл тұрғындары үшін таңқурай алқабын отырғызу жобасы сәтті жүзеге асырылды, деп хабарлайды Шығыс Қазақстан облысының әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Аталған жоба Шығыс Қазақстан облысының Ауыл шаруашылығы басқармасының бастамасымен қолға алынып, ауылдық аумақтарды дамытуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және тұрғындар үшін тұрақты табыс көздерін қалыптастыруға бағытталды.
Іс-шара аясында таңқурай көшеттері отырғызылып, жобаны алдағы уақытта кеңейту мүмкіндіктері талқыланды. Сонымен қатар, жастардың ауылға оралуына және ауылдық жерлерде өзін-өзі дамытуына қолайлы жағдай жасау мәселесіне ерекше назар аударылды. Осындай бастамалар жастарға кәсіпкерлікті дамытуға, жаңа мүмкіндіктерді игеруге және туған жерінде еңбек етуге үлкен серпін береді.
Шараға жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, ауыл шаруашылығы саласының мамандары, ауыл тұрғындары мен жастар белсенді қатысты. Кездесу жылы әрі көтеріңкі көңіл-күйде өтіп, ауылдың болашағына деген сенім мен бірлікті нығайтты.
Мұндай жобалар ауылдың кешенді дамуына, халықтың жұмыспен қамтылуына және өңір экономикасының нығаюына өз үлесін қоса береді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
12.05.2026, 16:16 76871
Облыстық туризм басқармасының басшысы тағайындалды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Жетісу облысы әкімінің өкімімен Ибрашев Ерсін Темірбекұлы Жетісу облысының туризм басқармасының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Жетісу облысының әкімдігінің баспасөз қызметінен.
1989 жылы туған. М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін "халықаралық қатынастар" мамандығы бойынша бітірген. Сондай-ақ жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімді ҚХР-дың Бейжің қаласында алған.
2014 жылдан 2018 жылға дейін жеке секторда жұмыс істеді. Кейін мемлекеттік қызмет саласындағы еңбек жолын жалғастырды.
ҚР Ұлттық экономика министрлігі Салық және кеден саясаты департаменті Жер қойнауын пайдалану келісімшарттарын сараптау басқармасының бас сарапшысы, Жобалауды басқару департаменті Жобалауды басқару жөніндегі мемлекеттік органдарды үйлестіру басқармасының бас сарапшысы, басқарма басшысы, Жобалық басқару саясаты департаменті Мемлекеттік органдарды жобалық басқару бойынша үйлестіру және қолдап отыру басқармасының басшысы, Ұлттық экономика министрлігі Ішкі әкімшілендіру департаменті директорының орынбасары болды.
2024 жылдың қараша айынан - Маңғыстау облысының туризм басқармасының басшысы.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
12.05.2026, 15:39 77486
Олжас Бектенов шегірткенің таралу қаупіне мониторинг жүргізіп, зиянкестерге қарсы қорғаныс шараларын күшейтуді тапсырды
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов шегірткенің таралу қаупіне байланысты мониторинг жүргізіп, алдын алу шараларын күшейту қажеттігін атап өтті, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Шегірткенің таралу қаупін ескере отырып, Ауыл шаруашылығы министрлігі өңір әкімдерімен бірге жағдайға тұрақты мониторинг жүргізіп, зиянкестерге қарсы профилактикалық және қорғаныс шараларын қабылдасын. Олардың таралу болжамдарын қайта қарап, шұғыл әрекет ету үшін ведомствоаралық үйлестіруді күшейту қажет", - деп атап өтті Олжас Бектенов.
Премьер-министр Ауыл шаруашылығы министрлігі басшылығының назарын Қазақстанда және көрші елдерде шегірткенің таралуына байланысты қалыптасқан ахуалға аударды.
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов биыл көршілес мемлекеттерде шегіртке зиянкестерінің шамамен 1,2 млн гектар аумаққа таралуы болжанып отырғанын баяндады. Шекара маңындағы аумақтарында тұрақты мониторинг жүргізілуде, зиянкестердің ұшып келу қаупі туындаған жағдайда химиялық өңдеу жұмыстарын жүргізу үшін қосымша техниканы тарту көзделген. Жалпы республика бойынша 2,2 млн гектар ауыл шаруашылығы жерлерін өңдеу жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта жұмыстар басталып, қажетті техника, мамандар мен препараттар дайындалды.
Мұнда ең бастысы - уақытты жіберіп алмау. Техника да, химиялық заттар да бар, барлық жұмысты дер кезінде жүргізу қажет", - деп атап өтті Олжас Бектенов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
12.05.2026, 14:35 77781
Олжас Бектенов егіншілерді жеңілдетілген отынмен, тыңайтқыштардың қажетті көлемімен және өзекті метеорологиялық болжамдармен уақтылы қамтамасыз етуді тапсырды
Сурет: primeminister.kz
Достарға айту
Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов егіс жұмыстарын жүргізу жөнінде бірқатар тапсырмалар беріп, агротехнологиялық талаптарды қатаң сақтау және шаруаларды жанар-жағармаймен уақтылы қамтамасыз ету қажеттігін баса айтты, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Агротехнологиялық талаптар белгіленген нормаларға сәйкес мүлтіксіз орындалуы тиіс. Биыл 2,3 млн тонна тыңайтқыш себу және элиталық тұқымдардың үлесін 11,7%-ға дейін жеткізу жоспары бекітілді. Аталған көрсеткіштерге толық көлемде қол жеткізу керек. Сонымен қатар өсімдіктерді қорғау шараларын уақтылы жүргізіп, егіс алқаптарын әртараптандыру жұмысын жалғастыру маңызды. Жеңілдетілген отынның жеткізілуін және оның мақсатты пайдаланылуын тұрақты бақылауда ұстау қажет", - деп атап өтті Олжас Бектенов.
Сондай-ақ тиісті ведомствоға егіс науқаны кезінде метеорологиялық болжамдарды жедел жеткізу тапсырылды.
Ауа райы жағдайларына мониторинг жүргізуге ерекше назар аударған жөн. Экология министрлігі жедел шешімдер қабылдау үшін егіншілерге өзекті метеорологиялық болжамдарды уақтылы беруді қамтамасыз етсін", - деп атап өтті Премьер-министр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
12.05.2026, 12:24 78411
Биыл егіс алқаптарының жалпы аумағы 23,8 млн гектардан асады
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
Әртараптандыру қағидаттарын енгізу және жоғары сұранысқа ие дақылдарға баса ден қою ішкі нарықты әлеуметтік маңызы бар тауарлармен қамтамасыз етуге және бағаның ауытқу тәуекелдерін төмендетуге мүмкіндік береді. Үкімет отырысында көктемгі дала жұмыстарының барысы туралы ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов баяндады, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Оның айтуынша, биыл егіс алқаптарының жалпы аумағы 23,8 млн гектарды құрайды, бұл өткен жылдың көлемінен 180 мың гектарға артық. Майлы дақылдар алқабы 4 млн гектардан, жемшөп дақылдары алқабы 3,3 млн гектардан асады. Қайта өңдеу жобаларын шикізатпен қамтамасыз ету мақсатында жүгері алқабы 265 мың гектарға дейін кеңейтілді, ал ұйымдасқан шаруашылықтарда картоп отырғызу 10 мың гектарға ұлғаяды.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әртараптандыру жұмыстары жалғасуда. Осы жылы бидай алқабы 125 мың гектарға қысқарып, 12,1 млн гектарды құрайды, сондай-ақ су ресурстарын үнемдеу мақсатында күріш алқаптары 20,2 мың гектарға оңтайландырылды, бұл ретте тамшылатып суаруға арналған мақта алқаптары 29,8 мың гектарға ұлғаяды. Егістіктердің бекітілген құрылымы егіннің қажетті көлемін алуға және сыртқы сұраныс конъюнктурасын ескеруге мүмкіндік береді", - деп атап өтті вице-министр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
09.05.2026, 10:20Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинмен кездесу өткізді 08.05.2026, 09:04 123961ШҚО әкімі Халық Қаһарманы Сағадат Нұрмағамбетов ескерткішіне гүл шоқтарын қойды09.05.2026, 10:36 82296Олжас Бектенов, Мәулен Әшімбаев және Ерлан Қошанов соғыс жылдарында құрбан болғандарды еске алды09.05.2026, 10:26 80711Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жеңіс күнімен құттықтады12.05.2026, 12:24 78181Биыл егіс алқаптарының жалпы аумағы 23,8 млн гектардан асады
17.04.2026, 20:43 439966Мемлекет басшысы Анталия дипломатиялық форумының ашылу рәсіміне қатысты17.04.2026, 18:46 439471Мемлекет басшысы Анталия дипломатиялық форумының панелдік сессиясына қатысты17.04.2026, 10:55 438776Агробиотехникалық ынтымақтастық: Ғабидолла Оспанқұлов француз компаниясымен кездесті29.04.2026, 15:15 382951Қасым-Жомарт Тоқаев пен Андрей Бабиш кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді29.04.2026, 16:18 382796Президент Чехия Премьер-министрін І дәрежелі "Достық" орденімен марапаттады

