13.08.2021, 18:07 7064

Алматының 8 шағын ауданының тұрғындары ағымдағы жылы жаңа су құбыры желісіне қосылатын болады

Қазіргі уақытта ұзындығы 170 шақырым сумен жабдықтау желілерінің және 140 шақырым кәріз желілерінің құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде.
АЛМАТЫ. 13 ТАМЫЗ - Қалаға қосылған кенттерді сумен қамтамасыз ету және су бұру мәселелерін шешу мақсатында қала әкімі Бақытжан Сағынтаев қаланың жаңа шағын аудандарының инженерлік инфрақұрылымын дамытуды қамтитын "Жаңа Алматы" дамытудың Кешенді жоспарын қабылдап, іске асыруда, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

2020 жылы 160 шақырым су құбыры мен 140 шақырым кәріз желісінің құрылысы аяқталды. Қазіргі уақытта ұзындығы 170 шақырым сумен жабдықтау желілерінің және 140 шақырым кәріз желілерінің құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде (Алғабас, Ақжар, Әйгерім-1, 2, Боралдай, Құрамыс, Кемел, Қайрат, Көкшоқы, Көлсай, Каменское үстірті, төменгі Пятилетка, Теректі, Таусамалы, Таужолы, Жас Қанат, Шұғыла, Шапағат, Шаңырақ-1)", - деп хабарлады қала әкімдігінде.

 
Алдағы айларда Дұман, Ақбұлақ, Қайрат, Алмерек, Нұршашқан, Өжет, Қарасу шағын аудандарында, Құрылысшы шағын ауданының шығыс бөлігінде, Жетісу ауданының бірнеше ондаған көшелерінде орналасқан бірнеше мың жеке аз қабатты құрылыс үй құрылыстары жаңа су құбыры және кәріз желілеріне толығымен қосылады.
 
Желілермен бір мезгілде су шаруашылығы құрылыстары да белсенді салынуда, ағымдағы жылдың соңына қарай қуаты тәулігіне 15 мың текше метр "Қарғалы" су шаруашылығы құрылысының құрылысы бойынша жұмыстар аяқталатын болады, жұмыстар 2020 жылы басталды. Аталған сүзгі стансасы Наурызбай ауданының Қарғалы, Қарағайлы, Таусамалы, Құрамыс, Тастыбұлақ шағын аудандарында 35,5 мың тұрғынды сумен қамтуға мүмкіндік береді.
 
Осыған ұқсас құрылыстарды қуаттылығы тәулігіне 22 мың текше метр болатын Ақсай өзенінде салу жоспарлануда, оны іске қосуы Тастыбұлақ, Ақжар, Таужолы, Шұғыла шағын аудандарында 40 мың тұрғынды сумен қамтамасыз етеді.
 
Бостандық ауданының (Ерменсай, Нұрлытау, Нұралатау, Ремизовка шағын аудандары кіреді) оңтүстік-шығыс бөлігінің 22 мың тұрғынын қамтамасыз ету үшін қуаты тәулігіне 9 мың текше метр "Ерменсай" су қабылдағышы бойынша жобалық құжаттаманы дайындау бойынша жұмыстар жүргізілуде. Медеу ауданының оңтүстік бөлігіндегі халықтың мұқтаждығы үшін сорғы стансалары, таза су резервуарлары, жаңа су тарту ұңғымаларын қамтитын құрылыстар кешенін салу жоспарлануда.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны