03.05.2019, 11:55 7380

Қорғас шекаралық бақылау отрядының аумағында 900 мың теңгенің флэштасымалдағыштарын алып шықпақ болған азамат ұсталды

Тауардың жалпы құны - 907 500 теңге деп есептелініп, актімен "Алтынкөл" кеден бекетіне тапсырылды.

Нұр-Сұлтан. 3 мамыр. Kazakhstan Today -Қорғас шекаралық бақылау отрядының аумағында орналасқан "Халықаралық шекара бойы ынтымақтастығы орталығынан" шығып келе жатқан 22 жастағы Қазақстан азаматы ұсталды. Ол өзімен бірге Орталықтан жалпы салмағы 10 кг (605 дана), әрқайсысының көлемі 2 гб Қытайда шығарылған флэштасымалдағыштарды алып шықпақ болған екен.

Тауардың жалпы құны - 907 500 теңге деп есептелініп, актімен "Алтынкөл" кеден бекетіне тапсырылды.

Сарыағаш шекара отрядының "Жібек жолы авто"бөлімшесінде "Алматы - Ташкент" бағытымен кетіп бара жатқан жолаушылар автобусының үстіңгі сөресінен шекарашылардың қызметтік иті марихуана есірткісі оралған екі түйіншекті тауып берді. Ит жолаушылардың арасынан түйіншектердің иесі ретінде 1983 жылғы Өзбекстан азаматын нұсқады. Есірткі затының шын мәнінде кімдікі екендігін анықтау үшін екі жүргізушімен қоса төрт жолаушы Сарыағаш аудандық полиция бөліміне тапсырылды.

Петропавловск шекара отрядының "Бидайық авто"бөлімшесінде Ресейден Қазақстанға қарай жекеменшік "Хаммер" автокөлігімен келе жатқан 1980 жылғы ресейліктің көлігінен "ОСА" тапаншасының оқтары табылды. Ұсталған азамат Уәлиханов аудандық полиция бөліміне тапсырылды. Осы аталған отрядтың "Жаңажол авто" бөлімшесінде елімізге келе жатқан 1962 жылғы ресейліктің "Форд" автокөлігінен калибры 9 мм тапаншаның оқтары табылып, Мамлют аудандық полиция бөліміне тапсырылды.

Сондай-ақ, Павлодар шекара отрядының "Қосак авто"бөлімшесінде және Семейдің "Ауыл-авто" бөлімшесінде 1968 және 1985 жылғы Ресей азаматтары ұсталды.

Біріншісінен "ОСА" тапаншасының оқтары, екіншісінен аңшының пиротехникалық дабыл белгілері, ату құрылғысы мен 7 дана сигналдық оқтар табылды. Ұсталған азаматтар полиция бөлімдеріне тапсырылды, деп хабарлайды ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны