24.02.2019, 20:56 14729

Қазақстан мен Өзбекстан үкіметтері арасындағы энергетика саласындағы ынтымақтастықтың кейбір мәселелері туралы негіздемелік келісімді ратификациялау туралы заң жобасы мақұлданды

Келісім екі мемлекеттің мұнай-газ, мұнай-газ-химиясы және электр энергетикасы саласындағы ынтымақтастығын ынталандыруды, Өзбекстан Республикасына шикі мұнайдың жеткізілуін ұлғайтуды, сондай-ақ, Қазақстанның оңтүстігін күзгі-қысқы кезеңде табиғи газбен үздіксіз жабдықтауды көздейді.

Астана. 24 ақпан. Kazakhstan Today - Мәжілістің жалпы отырысында Қазақстан мен Өзбекстан үкіметтері арасындағы энергетика саласындағы ынтымақтастықтың кейбір мәселелері туралы негіздемелік келісімді ратификациялау туралы заң жобасы мақұлданды.

Келісім екі мемлекеттің мұнай-газ, мұнай-газ-химиясы және электр энергетикасы саласындағы ынтымақтастығын ынталандыруды, Өзбекстан Республикасына шикі мұнайдың жеткізілуін ұлғайтуды, сондай-ақ, Қазақстанның оңтүстігін күзгі-қысқы кезеңде табиғи газбен үздіксіз жабдықтауды көздейді.

Бүгінгі отырыста мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы депутаттық заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды.

Заң жобасының негізгі нормалары конкурстық іріктеуден өткен және тиісті жергілікті атқарушы органдардың басшылары лауазымына тағайындалатын кандидатураларды орталық атқарушы органдармен міндетті келісу туралы нормаларды қолданыстағы бірқатар заңдардан алып тастауға, конкурстық комиссия мен бірыңғай конкурстық комиссия құру тәртібін нақтылау жолымен конкурстық рәсімдерді жетілдіруге, уәкілетті органның мемлекеттік қызметшілерді басқа мемлекеттік органдарға іссапарға жіберу тәртібін әзірлеу жөніндегі функцияларын бекітуге, мемлекеттік қызметті тоқтату және қайта бастау мерзімдерін нақтылауға, сынақ мерзімін есептеу мен өткізу тәртібін нақтылауға, міндетті арнайы тексеру жүргізу тәртібін нақтылауға, саяси мемлекеттік қызметшілерді, сондай-ақ "А" корпусының кадр резервіндегі адамдарды "А" және "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына тағайындау тәртібін нақтылауға бағытталған.

Сонымен қатар, бүгінгі отырыста Палата Тәжікстан, Қырғыз, Қазақстан республикалары мен Исмаилиттер Имаматы арасындағы Орталық Азия Университетін құру жөніндегі шартқа хаттаманы ратификациялау туралы заң жобасымен бейінді комитетке жұмысты жалғастыру жөніндетапсырды.

Сондай-ақ, Мәжілістің жалпы отырысында "Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы" заң жобасына Сенат енгізген өзгерістер мен толықтыруларды қарады.

Жалпы отырыс соңында халық қалаулылары орталық мемлекеттік атқарушы органдардың басшыларына бірнеше депутаттық сауалдар жолдады. Олар Г. Баймаханова, Т. Сыздықов, А. Смағұл, В. Косарев, А. Тасболатов.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны