29.05.2019, 23:30 15436

Нұрсұлтан Назарбаев Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенкомен кездесті

Кездесу барысында Елбасы құрметті қонаққа "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев" орденін табыс етті.

Нұр-Сұлтан. 29 мамыр. Kazakhstan Today -Қазақстанның Тұңғыш Президенті кеше Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенкомен кездесті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының Баспасөз қызметі.

Кездесу барысында Елбасы құрметті қонаққа "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев" орденін табыс етті.

Нұрсұлтан Назарбаев Александр Лукашенконың интеграциялық үдерістерді дамыту және Еуразиялық экономикалық одақты құру ісіне сіңірген еңбегін ерекше атап өтті.

- Биыл Еуразиялық экономикалық одақтың осы жерде құрылғанына 5 жыл және өзім ұсынған еуразиялық интеграция идеясының жария етілгеніне 25 жыл толып отыр. Сіз қолдау көрсетпегенде бұл ұйым құрылмас еді, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Беларусь халқына және оның көшбасшысы А. Лукашенкоға әрдайым қолдау көрсетуге дайын екенін айтты.

- Сізге кез келген мәселе бойынша қолдау көрсетуге әрдайым дайынмын. Сіз Беларусь Республикасын жоғары деңгейде дамытып келесіз. Сізді Қазақстанның көрікті жерлерін тамашалауға шақырамын, - деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.

Александр Лукашенко қонақжайлық көрсетіп, марапат тапсырғаны үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа ризашылық білдірді.

- Беларусь халқына құрмет көрсеткеніңіз үшін рахмет. Бұл маған ғана көрсетілген құрмет емес. Бұл - менің халқыма деген ыстық ықыласыңыз бен құрметіңіз. Қазақстанның Президенті - лайықты азамат. Сіз дана шешім қабылдадыңыз. Қазақстандықтар басқа халықтар сияқты тұрақтылықты бағалайтынына сенімдімін. Ең бастысы - еңбек. Еңбек етсең, нәтиже де болады, - деді Беларусь Республикасының Президенті.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны