06.11.2019, 16:38 5834

Алматыда Мемлекетаралық үйлестіру су шаруашылығы комиссиясының 77-нші отырысы өтеді

Ағымдағы отырысқа Өзбекстан Республикасының, Түркменстанның және Тәжікстан Республикасының өкілдері қатысады.

Нұр-Сұлтан. 6 қараша. Kazakhstan Today - Ағымдағы жылдың 5-6 қарашасында Алматы қаласында Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Тәжікстан Республикасы, Түркменстан және Өзбекстан Республикасы Мемлекетаралық үйлестіру су шаруашылығы комиссиясының (әрі қарай МҮСК) 77-нші отырысы өтеді.

Қазақстандық делегацияны Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі С.Громов басқарады.

Ағымдағы отырысқа Өзбекстан Республикасының, Түркменстанның және Тәжікстан Республикасының өкілдері қатысады.

Күн тәртібінің жобасына сәйкес, Әмудария мен Сырдария өзендерінің бассейндері бойынша 2019-2020 жылдардың вегетацияаралық кезеңінде елдердің су қабылдау лимиттерін және суқоймалар каскадтарының болжамдық жұмыс тәртібін бекіту, 2019 жылғы вегетациялық кезеңнің қорытындыларын қарау күтілуде.

Қатысушылар МҮСК жұмысының шеңберінде өзара сыйластық және тату көршілік принциптері негізінде жан-жақты ынтымақтастықты тереңдетуді жалғастырады.

Орта Азияның мемлекетаралық үйлестіру су шаруашылығы комиссиясы (МҮСК) Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Тәжікстан Республикасы, Түркменстан және Өзбекстан Республикасы арасындағы "Мемлекетаралық көздердің су ресурстарын пайдалануды және қорғауды бірлесіп басқару саласындағы ынтымақтастық туралы" 1992 жылдың 18 ақпанында Алматы қаласында қол қойылған келісімге сәйкес құрылды.

МҮСК Арал теңізі бассейнінде мемлекетаралық көздердің су ресурстарын қорғау және ұтымды пайдалану, басқару мәселелерін бірлесіп шешу, тараптар қызығушылығының өзара сыйластық, коллегиалдылық принциптері негізінде бірге жоспарлаған бағдарламалардың жүзеге асуы бойынша Орта Азия елдерінің аймақтық органы болып табылады.

МҮСК-ның мүшелері мемлекеттер-құрылтайшылардың ұлттық су шаруашылығы ведомстволарының бірінші басшылары немесе ел үкіметтерінің уәкілетті өкілдері болып табылады.

МҮСК-ның отырысы тоқсан сайын, кезекпен, мемлекет-құрылтайшы елдердің бірінде, осы елдің МҮСК мүшесінің төрағалығымен өтеді.

Отырыстарда мемлекетаралық көздерден мемлекеттер-құрылтайшылар үшін жыл сайынғы су қабылдау лимиттерін қалыптастыру, бекіту және атқарылуын бақылау бойынша сұрақтар, мемлекетаралық маңызы бар суқоймалардың жұмыс тәртібін жоспарлау және бақылау, жылдың нақтысу мөлшері және қалыптасып жатқан су шаруашылығы ахуалы жағдайында суды бөлуді басқару қаралады.

1992 жылдың ақпан айынан қазіргі таңға дейін МҮСК-ның 76 отырысы өткізілді.

Ағымдағы жылдың 5-6 қарашасында Алматы қаласында 77-нші отырысты өткізу жоспарланған. Бұл отырысқа Өзбекстан Республикасы, Түркменстан және Тәжікстан Республикасының өкілдері қатысатын болады. Отырыста Әмудария мен Сырдария өзендерінің бассейндері бойынша 2019 жылдың вегетациялық кезеңінде суқоймалардың лимиттерін пайдаланудың және жұмыс тәртібінің қорытындылары, Әмудария мен Сырдария өзендерінің бассейндері бойынша 2019-2020 жылдардың вегетацияаралық кезеңінде елдердің су қабылдау лимиттерін және суқоймалар каскадтарының болжамдық жұмыс тәртібін бекіту жөніндегі мәселелер, АҚХҚ елдері-құрылтайшылары басшыларының саммитінде (Түркменбасы қ., 2018 жылғы 24 тамыз) айтылған АҚХҚ елдері-құрылтайшылары басшыларының ұсыныстары мен бастамаларының жүзеге асуы туралы ақпарат қарастырылады.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны