01.12.2019, 17:44 7606

Асқар Мамин "Росатом" мемлекеттік корпорациясының бас директоры Алексей Лихачевпен кездесу өткізді

Тараптар атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы Ресей-Қазақстан ынтымақтастығының кешенді бағдарламасын жүзеге асыру барысын, соның ішінде уран өндіру және байыту, ғылыми-техникалық және инновациялық даму саласындағы, сондай-ақ Халықаралық атом энергиясы агенттігімен төмен байытылған уран банкі бойынша өзара іс-қимылдың қазіргі жағдайы мен перспективаларын талқылады.

Алматы. 1 желтоқсан. Kazakhstan Today - ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин "Росатом" мемлекеттік корпорациясының бас директоры Алексей Лихачевпен кездесу өткізді.

"Атом саласындағы ынтымақтастық біздің елдеріміздің арасындағы екіжақты қарым-қатынастарда маңызды орын алады. Бүгінде бағыттардың кең спектрі бойынша бірлескен жұмыстар жүргізіліп жатыр", - деді А. Мамин.

Қазақстанда 5 қазақстандық-ресейлік бірлескен уран өндіруші кәсіпорын жұмыс істейді: "Заречное" БК АҚ, "Қаратау" ЖШС, "Ақбастау" БК" АҚ, "ОТХК" БК" ЖШС, "Хорасан-U" БК" ЖШС. 2018 жылы олар 8427 тонна уран (ҚР-да уран өндірудің барлық көлемінен 38,8%), осы жылдың 9 айында - 6645,8 тонна уран өндірді.

Тараптар атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы Ресей-Қазақстан ынтымақтастығының кешенді бағдарламасын жүзеге асыру барысын, соның ішінде уран өндіру және байыту, ғылыми-техникалық және инновациялық даму саласындағы, сондай-ақ Халықаралық атом энергиясы агенттігімен төмен байытылған уран банкі бойынша өзара іс-қимылдың қазіргі жағдайы мен перспективаларын талқылады.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны