Система Orphus

ЮНИСЕФ пен ҚР Үкіметінің ынтымақтастығының маңызды бағыттарының бірі - балалалардың құқықтарын қорғауда инновацияларды енгізу

03.02.2020, 18:51 2917

Алматы. 3 ақпан. Kazakhstan Today - Артур ван Дизен: цифрландырудағы жетістіктер - ҚР Үкіметінің бағыттылығының нәтижесі.

ҚР-дағы БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) өкілі Артур ван Дизен Primeminister.kz-ке берген сұхбатында ЮНИСЕФ пен ҚР Үкіметінің инновациялар мен цифрландыруды енгізу бойынша бірлескен жұмыстары туралы айтып берді.

Артур ван Дизеннің айтуынша, ЮНИСЕФ пен ҚР Үкіметінің ынтымақтастығының маңызды бағыттарының бірі - балалалардың құқықтарын қорғауда инновацияларды енгізу.

"Біздің Қазақстан Үкіметімен елдегі балалардың құқықтарын қорғауда және жүзеге асыру саласында нәтижелі серіктестігіміз көптен жалғасып келеді. Біздің коллаборациямыздың негізгі қасиеттерінің бірі - инновация. Сондықтан біздің түрлі инновациялармен жұмыс жасауымыз бен олардың балалардың құқықтарын қамтамасыз етуде қалай көмектесе алатынын зерделеуіміз ұзақ уақыттан бері жалғасын тауып келеді", - деді А. ван Дизен.

ЮНИСЕФ өкілі сонымен қатар Қазақстанда GIGA бастамасын іске асыру бойынша ЮНИСЕФ аймақтық хабын ашу мүмкіндігін атап айтты, ол орта білім беретін мектептерді интернетке жоғары жылдамдықты қолжетімділікпен қамтамасыз етуге және инновациялық стартаптарды дамытуға бағытталады.

"Қазір біз біздің бас офисімізбен жұмыс істегенімізге қуаныштымыз, цифрлық байланыс саласында тағы бір инновацияны енгізуді мақсат етеміз. Біздің көзқарасымыз тұрғысынан, жастар үшін жұмысқа, елдерінің азаматтары ретінде болашақ өміріне, ата-ана ретінде интернетке қолжетімділіксіз толық дайын болу мүмкін емес. Сондықтан біз интернеттің қолжетімділігін арттыру үшін, Қазақстандағы және аймақтардағы әрбір мектепті интернетке қолжетімділікпен қамтамасыз ету үшін Қазақстан Үкіметімен жұмыс істеп жатырмыз. Біз жастарға сапасы үздік білім алуға көмектесе аламыз, демек, олардың еңбекке орналасу мүмкіндігі артады, өздері үшін нәтижелі болашақ құра алады деп санаймыз", - еді А. ван Дизен.

Ол сонымен қатар Қазақстанның шалғай аудандарында небәрі бірнеше оқушы білім алатын тым шағын мектептер бар екенін айтты. Олар үшін сапалы білім алу интернетке қолжетімділіктің болуына аса байланысты. Сондықтан олар үшін бұл байланысу ғана емес, оқу үшін дұрыс контенттің құрылуы.

Қазақстанда жалпы жүргізіліп жатқан цифрлық трансформацияға келетін болсақ, ЮНИСЕФ өкілі Артур ван Дизеннің айтуынша, елде үлкен ілгерілеу болды, мақсатқа қол жеткізу үшін бірнеше қадамдар ғана қалды.

"Меніңше, Қазақстан үшін интернетпен толық қамтылу үшін шын мәнінде аз уақыт қалды. Өйткені зор ілгерілеу бар. Қазақстан Үкіметімен біз қазір жекеменшік сектордың, интернет провайдерлердің, қаржы секторының "байланыстағы соңғы олқылықтар" (the last mile connectivity gap) деп атайтын проблеманы шешу үшін қызығушылықтарын қалай тудыра алатынымыз туралы жұмыстар атқарудамыз, 100%-ға қол жеткізбес бұрын біздің алдымызда осы проблема тұр. Сондықтан, менің ойымша, егер біз бірлесіп күш салатын болсақ, және егер жекеменшік және мемлекеттік серіктестердің жақындасуында креативті және инноватор болсақ, біз бұл кемшілікті жалпы жоя аламыз ", - деді А. ван Дизен.

ЮНИСЕФ өкілі атап өткендей, мұндай нәтижелерге Қазақстан Үкіметінің цифрландыру және инновацияларды енгізу бойынша дұрыс құрылған жұмысының арқасында қол жеткізу мүмкін болды.

"Менің ойымша, бұл Қазақстан Үкіметінің цифрландыру, инновациялар бойынша көрсеткен бейілділігінің нәтижесі. Бұл мен білетін, әлемдегі осы істермен айналысатын министрі ғана емес, басқа да білім беру және денсаулық сақтау тәрізді министрліктері мен цифрландыру бағыты бойынша жұмыс істейтін вице-министрлері бар аздаған Үкіметтердің бірі. Сондықтан, күшті бейілділік бар. Сонымен қоса, белсенді жекеменшік сектор бар. Сол себепті, менің ойымша, осының бәрінің арқасында Қазақстан аталған салада өз тұрғындары үшін интернет байланыстарды жүргізуде тым жылдам дамып жатыр", - деді ол.

Сонымен қатар Артур ван Дизен Қазақстан аймақтағы басқа елдермен салыстырғанда алға озып кеткенін атап өтті.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны