20.04.2020, 18:45 9453

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің төрағасы тағайындалды

Энергетика министрінің бұйрығымен Абай Мұхтарұлы Шаңғытбаев Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды ҚР ЭМ Баспасөз қызметі.

Алматы. 20 сәуір. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің төрағасы тағайындалды.

Энергетика министрінің бұйрығымен Абай Мұхтарұлы Шаңғытбаев Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды ҚР ЭМ Баспасөз қызметі.

Абай Шаңғытбаев В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтының Автоматика және басқару жүйесі факультетін бітірген, біліктілігі: инженер-электрик.

Еңбек жолын 1988 жылы "ЗапКазЭнерго" РУ электр желілерінің Оңтүстік кәсіпорнында байланыс электромонтері, релелік қорғау және автоматика қызметінің инженері болып бастаған.

1991 ж.-"ЗапКазЭнерго" РУ Электр желілерінің Шығыс кәсіпорны релелік қорғау, автоматика және өлшеу инженері.

1999 ж.-Қазақстан Республикасы Энергетика және көмір өнеркәсібі министрлігінің "Мемэнергоқадағалау" ЗКРУ энергоинспекциясының инспекторы.

2004 ж.-Сату бөлімінің инспекторы, "Ақтөбеэнерго" ААҚ Хромтау аудандық электр желілері бөлімінің бастығы (2004 ж.).

2013 ж.-Хромтау АЭЖ бастығы, өндірістік-техникалық қызмет бастығының орынбасары, "Энергосистема" ЖШС-ның өндірістік-техникалық қызметінің бастығы.

2015 ж.-Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті аумақтық бөлімшелерді үйлестіру мониторинг және жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс басқармасының бас сарапшысы, тұтынушылардың электр желілері мен электр қондырғыларын қадағалау және бақылау басқармасының бастығы.

2015 ж.-ҚР Энергетика министрлігі Электр энергетикасы департаменті директорының орынбасары.

2016 ж.-Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Астана қаласы бойынша аумақтық департаментінің басшысы.

2016 жылғы қарашадан бастап қазіргі уақытқа дейін-Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті төрағасының орынбасары.

Құрметті атақтары мен мемлекеттік наградалары бар:

"Құрметті энергетик" Қазақстан Электр Энергетиқалық Қауымдастығы (2011).

ТМД Еңбек сіңірген энергетигі (2016).

"Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл" медалі (2002).

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны