29.04.2020, 11:17 14855

Кеңжолақты интернетке қолжетімділікті қамтамасыз ету мәселелері

Үкімет басшысы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне байланыс операторларымен бірлесіп жоспарланған елді мекендерді интернетпен қамтамасыз ету жобаларын уақтылы іске асыру бойынша барлық қажетті шараларды қабылдауды тапсырды.

Алматы. 29 сәуір. Kazakhstan Today - Кеңжолақты интернетке қолжетімділікті қамтамасыз ету мәселелері

ҚР ЦДИАӨМ

Халқымызды қазіргі заманғы байланыс қызметімен қамтамасыз ету - бұл біздің саламыздың ең негізгі міндеті болып табылады.

2005 жылы Интернетті пайдаланушылар саны 100 тұрғынға небәрі 4 адамды, ал Интернет қызметінің орта бағасы 19900 теңгені (128 кб/с үшін ~150$) құраған.

Бүгінгі күні, Елбасымыздың Интернет жүйесін дамыту туралы тапсырмасын орындай отырып және жаңа технологияларды уақытында енгізу барысындағы оптимальды шешімдерді қабылдап, елімізді Интернет қызметімен қамту бойынша жұмыстарды қарқынды жүргізіп жатырмыз. Нәтижесі бойынша телекоммуникация қызметтерінің бағасы бұрынғымен салыстырғанда бірнеше есе төмендеді (мысалы, 19900 тг-ден 3600 теңгеге). Қазақстандағы Интернет қызметі үшін тарифтер ең арзан тарифтер қатарына жатады.

Қазақстан Интернет қолданушылар саны бойынша қомақты орында отыр, мысалы Ресейде Интернет қолданушылар -76%, АҚШ- 87,3%, Қытай - 61,2%, Украина - 62,5%, Қазақстанда - 84,2% құрайды.

Бүгінгі күні, еліміздің 118 қалалары мен 4235 ауылдарында тұратын 18 млн. тұрғыны 3G және 4G мобильді байланыс желілерін қолдану мүмкіндігіне ие.

2018 жылдан бастап, мемлекеттік жеке меншік әріптестік механизмі бойынша "Ауылдық елді мекендерді талшықты-оптикалық байланыс технологиясы арқылы Интернетпен қамтамасыз ету" жөніндегі жобаны іске асыру жүргізілуде.

Бұл жоба 2020 жылдың соңына дейін 1250 ауылды Интернетпен қамтамасыз етуді қарастырады, бұл талшықты-оптикалық желінің ұзындығы 20 мың шақырымнан асады.

Осы жылдың 20 - сәуіріне дейін 637 ауылға Интернет желісі жеткізілген (оның ішінде: 2018 жылы - 56 ауыл, 2019 жылы - 257 ауыл, 2020 жылы-324 ауылға қосылған). Және 2020 жылдың соңына дейін 613 ауылды Интернетке қосу қажет.

Бұл инфрақұрылым мобильді байланыс операторларының желілерін дамытуға ықпал жасайды. Атап айтсақ, халық үшін үйдегі компьютер немесе смартфон арқылы Интернетке негізінен 3G және 4G мобильді байланысы арқылы қосылған ыңғайлы.

Осыған байланысты, тұрғын саны 250 және одан жоғары болып келетін ауылдарды сапалы Интернетпен қамтамасыз ету мақсатында байланыс операторларымен бірге Жоспар-кестені бекіттік. Бұл жобада 2020 жылдың соңына дейін 600 мың адам тұратын 928 ауылды мобильді Интернетпен қамтамасыз ету жоспарланып отыр.

Шамамен айтқанда 384 ауылда ұялы байланыс инфрақұрылымы жоқ, яғни антенна-мачталық құрылғы орнату, оған электр энергиясын жеткізу қажет болады. Операторлар осы мәселе бойынша қиындықтар туындайтынын хабарлап отыр.

Осы орайда айта кететін жағдай, антенналық-мачталық құрылыстарды орнатуды және оларға электр энергиясын тарту жұмыстарын жасаған әкімдіктер бар. Мысалы, Ақмола облысының акиматы Щучинск-Бурабай курорттық аймағында және Нұр-Сұлтан - Бурабай автожолының бойында 10 шақты антенно-мачталық құрылғыны салуды қамтамасыз етті.

Аталған жұмыстардың қорытындысы бойынша Интернетке қосылатын ауылдар саны 5163-ке жетеді, еліміздің халқын 3G және 4G Интернет желісімен қамту 99,3% -ды құрайтын болады.

Сонымен қатар, бұл жұмыстар операторлардың өз қаржысы есебінен орындалуда.

Қазақстанда биыл 5163 ауылдық елді мекен кеңжолақты интернетке қолжетімділікпен қамтамасыз етіледі

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкіметтің селекторлық отырысында елді мекендерді кеңжолақты интернетке қолжетімділікпен қамтамасыз ету мәселесі қаралды.

Бұл бағыттағы атқарылып жатқан жұмыстар туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі А. Жұмағалиев, "Қазақтелеком" АҚ басқарма төрағасы К. Есекеев, "Транстелеком" АҚ басқарма төрағасы Ж. Надыров, "Кар-Тел" ЖШС атқарушы директоры Е. Настрадин, сондай-ақ Ақмола облысының әкісі Е. Маржықпаев пен Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Қ. Ақсақалов баяндады.

Қазақстанда интернетті белсенді пайдаланушылар қатары артып келеді. Сондықтан "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында желіні пайдаланушылардың үлесі 88%-ға дейін, ал цифрлық сауаттылық деңгейі 83%-ға жетеді. Бұл міндеттерді осы жылдың соңына дейін жүзеге асыру 5163 ауылдық елді мекенді кеңжолақты интернетпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Нәтижесінде ауылдарда 7,6 млн астам адам онлайн білім алуға, телемедицинаға, мемлекеттік қызметтерге, электрондық саудаға қол жеткізеді.

"Төтенше жағдай кезінде интернетпен тұрақты түрде қамтамасыз ету мәселесі Мемлекет басшысының ерекше бақылауында. Қазіргі жағдайда интернет халықтың негізгі байланыс арнасына айналды, ол сондай-ақ электрондық сауда, онлайн-оқу, электрондық мемлекеттік қызметтер, денсаулық сақтау жүйесі, қаржы және экономиканың басқа да салаларында маңызды құрал болып отыр", - деді А. Мамин.

Үкімет басшысы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне байланыс операторларымен бірлесіп жоспарланған елді мекендерді интернетпен қамтамасыз ету жобаларын уақтылы іске асыру бойынша барлық қажетті шараларды қабылдауды тапсырды.

Әкімдіктерге антенналық - мачталық құрылыстар салуға және байланыс желісін тартуға жер бөлу, электр энергиясымен қамтамасыз ету мәселелерін жедел шешу тапсырылды.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны