28.03.2026, 18:44 110556
Берлин қазақстандық қызғалдақтарды достық пен көктемгі жаңарудың символы ретінде қабылдады
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Берлинде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Германияның Федералдық азық-түлік және ауыл шаруашылығы министрлігіне табыстаған қызғалдақтарды отырғызу рәсімі өтті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Іс-шараға Қазақстанның Германиядағы Елшісі Нұрлан Онжанов пен Германияның Федералдық азық-түлік және ауыл шаруашылығы министрлігінің Статс-хатшысы Маркус Шик қатысты.
Өз сөзінде Статс-хатшы Еуропада көктемнің танымал символдарының біріне айналған қызғалдақтардың тарихи отаны қазіргі Қазақстан аумағы екенін атап өтті. Ол Қазақстан үкіметіне алғыс білдіріп, мұндай бастамалардың сенімді нығайтып, екіжақты ынтымақтастықтың дамуына ықпал ететінін жеткізді.
Қазақстанның Германиядағы дипломатиялық миссиясының басшысы Н.Онжанов Наурыз мерекесі күндері өткізіліп отырған бұл рәсімнің ерекше мәнге ие екенін, оның жаңару, үйлесім және халықтар достығы идеяларын бейнелейтінін атап өтті.
Ресми бөлімнен кейін дәстүрлі қазақ музыкасы шырқалып, көктемгі мерекелік көңіл күй мен мәдени жақындастық атмосферасын қалыптастырды.
Рәсімнің шарықтау шегі ретінде гүл пиязшықтарын бірлесіп отырғызу өтті. Бұл әрекет серіктестік, бірлік және екі елдің жарқын болашаққа деген ұмтылысын білдіреді.
Отырғызылған қызғалдақтар Қазақстан мен Германия арасындағы достықтың жарқын символына айналып, Наурыз мерекесінің негізінде жатқан жаңару, өзара құрмет және ынтымақтастық құндылықтарын айқындай түсті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
15.06.2026, 12:01 6
Мемлекет басшысы Қытай Халық Республикасының Төрағасының туған күніне орай құттықтау жеделхатын жолдады
Сурет: Akorda
Достарға айту
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпиннің туған күніне орай құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Президент хатта ҚХР Төрағасының Қазақстан мен Қытай арасындағы мызғымас достыққа, тату көршілікке және өзара қолдауға негізделген мәңгі жан-жақты стратегиялық серіктестікті нығайтуға зор үлес қосқанын атап өткен.
Мемлекет басшысы Қазақстан-Қытай қарым-қатынасының қазіргі "алтын отызжылдық" кезеңінде екіжақты ынтымақтастық жоғары қарқынын сақтай отырып, одан әрі нығая түсетініне және ықпалдастықтың жаңа бағыттарын қамтитынына сенім білдірді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Си Цзиньпиннің мемлекеттік қызметіне табыс, ал достас Қытай халқына бақ-береке тіледі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
15.06.2026, 11:52 6
Қазақстан Еуропа Кеңесінің №108 Конвенциясы комитеті (дербес деректерді қорғау) жанындағы бақылаушы мәртебесін алды
Сурет: МИД РК
Достарға айту
Қазақстанға жеке тұлғаларды дербес деректерді автоматтандырылған өңдеуге байланысты қорғау туралы Еуропа Кеңесінің №108 Конвенциясы комитеті жанындағы бақылаушы мәртебесі ресми түрде берілді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Тиісті шешім Страсбург қаласында өткен Комитеттің 50-ші пленарлық отырысының қорытындысы бойынша қабылданды. Отырыс жұмысына Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму Вице-Министрі Досжан Мұсалиев қатысты.
Пленарлық отырыс аясында қазақстандық делегация Еуропа Кеңесінің Бас хатшысы А.Берсемен және №108 Конвенция комитетінің төрағасы Б. де Анкоренамен кездесулер өткізді. Келіссөздер барысында тараптар дербес деректерді қорғау, цифрлық трансформация және заманауи технологияларды дамыту салаларындағы одан арғы ынтымақтастық перспективаларын талқылады.
Сонымен қатар, пленарлық отырыс барысында Д.Мұсалиев халықаралық сарапшылар алдында Қазақстанның дербес деректерді қорғау саласындағы тәжірибесі туралы баяндама жасады.
№108 Конвенция комитеті цифрлық технологиялардың қарқынды дамуы жағдайында дербес деректерді қорғау және жеке өмірге қол сұқпаушылық құқығын қамтамасыз ету саласындағы тәсілдер мен стандарттарды қалыптастыратын негізгі халықаралық алаң болып табылады.
Қазақстанға бақылаушы мәртебесінің берілуі халықаралық серіктестермен өзара іс-қимылды кеңейтуге, тәжірибе алмасуға және озық әлемдік тәжірибені ескере отырып, дербес деректерді қорғаудың ұлттық жүйесін одан әрі жетілдіруге қосымша мүмкіндіктер ашады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
15.06.2026, 11:48 101
Қазақстан мен Нидерланд 160 млн еуро көлеміндегі бірлескен жобаларды іске асыру туралы келісімге қол жеткізді
Сурет: ҚР Сыртқы істер министрлігі
Достарға айту
Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиевтің Нидерланд Корольдігіне жұмыс сапары аясында Қазақстан-Нидерланд бизнес-форумы өтіп, оның қорытындысы бойынша жалпы құны 160 млн еуроны құрайтын бірлескен жобаларды іске асыру жөніндегі келісімдерге қол қойылып, уағдаластықтарға қол жеткізілді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
GreenTech Amsterdam 2026 халықаралық көрмесі алаңында өткен форум Қазақстанның Нидерландтағы сауда-экономикалық миссиясының негізгі іс-шарасына айналды. Форум жұмысына екі елдің мемлекеттік органдарының, іскерлік қауымдастықтарының және салалық ұйымдарының өкілдері қатысты.
Нидерланд Еуропалық одақтағы Қазақстанның негізгі сауда-экономикалық серіктестерінің бірі болып қала береді. 2026 жылғы қаңтар-ақпан айларының қорытындысы бойынша екіжақты сауда көлемі 970 млн АҚШ долларына жетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 57,9%-ға өсті. Бұл ретте Қазақстан экспортының көлемі 930,4 млн АҚШ долларын құрап, 65%-дық өсімді көрсетті.
Бүгінгі қол жеткізілген келісімдер екі ел бизнесінің өзара қызығушылығының жоғары деңгейін көрсетеді. Қазақстан Еуропа нарықтарына сапалы өнім жеткізуді ұлғайтуға және нидерландтық серіктестердің қатысуымен инвестициялық жобаларды іске асыру үшін қолайлы жағдай жасауға дайын", - деп атап өтті Арман Шаққалиев.
Бизнес-форум аясында агроөнеркәсіптік кешен, тамақ өнеркәсібі және логистика салаларын ұсынатын қазақстандық компаниялар отандық өндірушілердің экспорттық әлеуетін таныстырып, нидерландтық серіктестермен бірқатар екіжақты кездесулер өткізді.
Сапардың мазмұнды бағдарламасы сондай-ақ Нидерландтың жетекші мемлекеттік және салалық ұйымдарымен келіссөздерді қамтыды. Негізгі тақырыптардың бірі мемлекеттік органдар мен аккредиттелген салалық қауымдастықтардың тиімді өзара іс-қимылына негізделген нидерландтық инспекциялық бақылау моделін зерделеу болды. Мұндай тәсіл өнім қауіпсіздігінің жоғары деңгейін, рәсімдердің ашықтығын және экспорттық операциялардың жеделдігін қамтамасыз етеді.
Naktuinbouw басшылығымен өткен кездесуде тараптар тұқым шаруашылығы, сертификаттау және ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапасын бақылау салаларындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылады. Халықаралық стандарттарға сәйкестікті растау мен өнімнің қадағалануын қамтамасыз ететін заманауи жүйелерді енгізу тәжірибесімен алмасуға ерекше назар аударылды. Бұл Қазақстанның экспорттық әлеуетін одан әрі кеңейтуге ықпал етеді.
Келіссөздердің жеке блогы көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты дамытуға арналды. Роттердам портына сапар барысында халықаралық тасымалдар саласындағы өзара іс-қимылды кеңейту, қазақстандық өнімдерді еуропалық логистикалық тізбектерге интеграциялау және Еуропадағы ең ірі теңіз портының әлеуетін пайдалана отырып, отандық экспортты ЕО нарықтарына ілгерілету мәселелері қарастырылды.
Тараптар сондай-ақ Транскаспий халықаралық көлік бағытын (Орта дәлізді) одан әрі дамыту перспективаларына ерекше назар аударып, оның жаһандық логистикалық тізбектердің трансформациясы жағдайында Азия мен Еуропа арасындағы тұрақты, қауіпсіз әрі тиімді жүк тасымалдарын қамтамасыз етудегі рөлінің артып келе жатқанын атап өтті.
Damen Shipyards Group компаниясымен өткен келіссөздер барысында өнеркәсіптік кооперация және кеме жасау саласындағы ынтымақтастық перспективалары талқыланды. Кездесу қорытындысы бойынша озық технологияларды енгізуді, өндірісті жергіліктендіруді және кадрлық әлеуетті дамытуды көздейтін Маңғыстау облысында кеме жасау және кеме жөндеу кластерін құру жобасын іске асыру жөніндегі Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.
Сонымен қатар, Axia Seeds және DENSO AgriTech Solutions компанияларының өкілдерімен кездесулер өтіп, олардың барысында заманауи агротехнологияларды енгізу, тұқым шаруашылығын дамыту және жылыжай шаруашылығы саласындағы инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды.
Сапар қорытындысы бойынша тараптар сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге өзара мүдделілігін растады. Ынтымақтастықтың басым бағыттары ретінде ауыл шаруашылығы, көлік және логистика, аса маңызды минералдық ресурстар, инновациялық технологиялар және халықаралық сауда айқындалды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
15.06.2026, 11:34 451
Түркістан облысы мен Хубэй провинциясы инвестициялық, экономикалық және гуманитарлық салалардағы әріптестікті кеңейтуде
Сурет: ҚР Сыртқы істер министрлігі
Достарға айту
Қазақстан Республикасының Сиань қаласындағы Бас консулдығының қолдауымен Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров бастаған іскерлік делегацияның Хубэй провинциясына жұмыс сапары ұйымдастырылды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Сапар барысында Н. Көшеров Хубэй провинциясы губернаторы Ли Дяньсюньмен ресми кездесу өткізді. Кездесуде екі өңір арасында қалыптасқан серіктестік қатынастар негізінде өзара инвестициялық, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеру, бірлескен жобаларды жүзеге асыру және іскерлік байланыстарды кеңейту мәселелері жан-жақты талқыланды.
Хубэй провинциясының губернаторы Ли Дяньсюнь өңірлер арасындағы әріптестікті одан әрі нығайтуға дайын екенін жеткізіп, ғылым, технология және инновация салаларындағы ынтымақтастықтың маңыздылығына мән берді. Кездесу барысында екі тараптың экономикалық мүмкіндіктерін ескеріп, серіктестікті арттырудың нақты бағыттарын айқындап, келісілген жобаларға серпін беруге келісті.
Сонымен қатар, Ухань қаласының ірі қаржы қоры "Wuhan Financial Holdings (Group)" партия комитетінің хатшысы, директорлар кеңесінің төрағасы Мэй Линмен инвестициялық жобаларды төмен пайызбен қаржыландыру жөнінде келіссөз өткізілді.
Сапар шеңберінде Хубэй өлкесінің кәсіпкерлер ұйымы "Hanya International Holdings" компаниясының құрылтайшысы Хуан Чжаомен және 50-ден аса компания акционерлерімен кездесулер өткізді. Бүгінге дейін анықталған жобалар мен жаңа ұсыныстар бойынша келіссөздер өтті. Іскерлік кездесуде, Түркістан облысының туристік әлеуеті де таныстырылды. Облыс басшысы әлемдік маңызы бар тарихи-мәдени мұра нысаны - Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің ЮНЕСКО Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енгізілгенін атап өтіп, қытайлық туристер үшін өңірдің тартымдылығын арттыру бағытындағы жұмыстар атап өтілді.
Сапар нәтижесі бойынша Түркістан облысы әкімдігі мен Бас консулдық келісілген жобаларды өзара ынталандыру жұмыстарын ұдайы жүргізуге уағдаласты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
12.06.2026, 21:12 120891
Қазақстан СІМ басшысы Таиланд Елшісін қабылдады
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Қазақстан Республикасындағы Таиланд Корольдігінің Елшісі Пияпин Нийомрерксті қабылдады, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Кездесу барысында тараптар қазақ-тай ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын талқылады, сондай-ақ сауда, инвестиция, тасымалдау және логистика, цифрландыру, маңызды минералдар мен энергетика, электроника және озық өндіріс, сондай-ақ туризм салаларындағы өзара іс-қимылды одан әрі кеңейту мәселелері бойынша пікір алмасты.
Алдағы екіжақты іс-шаралардың кестесіне, оның ішінде Таиланд Корольдігі Премьер-министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі С.Пуангкеткеоның ү.ж. 24-26 маусымда Қазақстан Республикасына ресми сапарына ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар, халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасу болды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
12.06.2026, 20:00 123086
Қазақстанның Сыртқы істер министрі Франция Елшісін қабылдады
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Франция Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшісі Сильван Гиогені қабылдады, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Кездесу барысында тараптар қазақ-француз стратегиялық әріптестігінің өзекті бағыттарын талқылады. Саяси диалогты одан әрі ілгерілету, сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту, мәдени-гуманитарлық және білім беру салаларындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды. Сондай-ақ көпжақты алаңдар аясындағы өзара іс-қимылдың перспективалары қарастырылды.
Екіжақты сауда көлемін ұлғайтуға және іскерлік байланыстарды нығайтуға ықпал ететін бірлескен инвестициялық және экономикалық жобаларды жүзеге асыру мәселелері кездесу күн тәртібіндегі маңызды тақырыптардың бірі болды.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Астана мен Париж арасындағы көпқырлы ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге өзара бейілділігін растады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
12.06.2026, 19:54 120386
Қазақстан делегациясы ШЫҰ-ның құрылғанына 25 жыл толуына арналған конференцияға қатысты
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Ермұхамбет Қоныспаев Тәжікстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі, ТР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясы және Тәжікстандағы ШЫҰ достық және ынтымақтастық орталығы ұйымдастырған Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) 25 жылдық мерейтойының қарсаңында "Орталық Азия - ШЫҰ өзегі: бейбітшілік және ортақ даму кеңістігі" тақырыбындағы халықаралық конференцияға қатысты, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Өз сөзінде Е.Қоныспаев "Шанхай үдерісінің" бастауында Орталық Азия елдерінің белсенді құрылтайшы мемлекеттердің бірі болғанын және оның өркендеуіне айтарлықтай үлес қосуды жалғастырып келе жатқанын атап өтті. Ол Қазақстан үшін тең құқылы және өзара тиімді ынтымақтастық платформасы ретінде ШЫҰ-ны одан әрі нығайтудың ерекше маңызы бар екеніне ықылас бөлді.
Конференцияға қатысушыларға арналған сөзінде Тәжікістанның Сыртқы істер министрі Сироджиддин Мухриддин Орталық Азия мемлекеттері көшбасшыларының саяси ерік-жігерінің арқасында соңғы жылдары Еуразияның ең қарқынды дамып келе жатқан өңірлерінің біріне айналғанын атап өтті. Орталық Азия объективті түрде ШЫҰ-ның тұрақты ядросын қалыптастырып, оның одан әрі эволюциясына серпін бере отырып, жүйе құраушы рөл атқара бастады.
Конференцияға қатысушылардың басым көпшілігі ШЫҰ-ның Еуразиядағы қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етудегі маңызды рөліне назар аударып, оның беделді және ықпалды халықаралық және өңірлік бірлестіктер қатарындағы лайықты орнын ерекше атап өтті.
Орталық Азия өңірі елдерінің ШЫҰ-ның өркендеуі мен үдемелі дамуына қосқан үлесіне, сондай-ақ олардың өзара сенім, тату көршілік және тең құқылы серіктестік қағидаттарын нығайтудағы рөліне ерекше көңіл бөлінді.
Іс-шараға Беларусь, Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей, Үндістан сыртқы істер министрлерінің орынбасарлары, Иранның Тәжікстандағы Елшісі, сондай-ақ ЭСКАТО, ТМД, ҰҚШҰ, ЮНЕСКО, АӨСШК, ЭЫҰ және басқа да халықаралық ұйымдардың басшылары мен өкілдері қатысты.
Сапар аясында Е.Қонысбаев Тәжікстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Нигина Ализодамен кездесу өткізді.
Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері, оның ішінде жақында өткізуге жоспарланған биік және жоғары деңгейдегі байланыстарды дайындау, сондай-ақ саяси, сауда-экономикалық және инвестициялық салалардағы Қазақстан-Тәжікстан өзара іс-қимылын одан әрі дамыту перспективалары талқыланды.
Тараптар өзара қызығушылық тудыратын бірлескен жобаларды іске асырудың жекелеген мәселелерін зерделеп, өңірлік және халықаралық күн тәртібінің өзекті аспектілері бойынша пікір алмасты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
12.06.2026, 19:31 124001
Мемлекет басшысы Ресей Федерациясының Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Сурет: KAZAKHSTAN TODAY
Достарға айту
Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинді аталған елдің мемлекеттік мерекесі - Ресей күнімен құттықтады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
- Қазақстан бауырлас Ресеймен стратегиялық серіктестік және одақтастық рухында дәйекті түрде дамып келе жатқан достық әрі тату көршілік қарым-қатынасты жоғары бағалайды. Сіздің жуырда Қазақстанға жасаған мемлекеттік сапарыңыз айрықша мәнге ие. Оның нәтижесі өзара тиімді ынтымақтастықтың көкжиегін кеңейтіп, ауқымды жобалар мен бастамаларды жүзеге асыруға тың серпін берді. Бірлескен күш-жігеріміздің арқасында Қазақстан мен Ресей арасындағы мемлекетаралық байланыстар алдағы уақытта барлық салада қарқынды дами береді деп сенемін, - делінген жеделхатта.
Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путиннің Ресей Федерациясының игілігі мен өркендеуі жолындағы жауапты мемлекеттік қызметіне толайым табыс тіледі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
15.06.2026, 09:10Геннадий Головкин Халықаралық бокс даңқы залына ресми түрде енгізілді 15.06.2026, 11:34 86Түркістан облысы мен Хубэй провинциясы инвестициялық, экономикалық және гуманитарлық салалардағы әріптестікті кеңейтуде
08.06.2026, 11:23 135491Елімізде 2026 жылғы егіс науқаны табысты аяқталды08.06.2026, 12:18 133236Түркістан облысының прокуроры тағайындалды12.06.2026, 15:51 129961Корея Республикасының Елшісі сенім грамоталарының көшірмелерін тапсырды12.06.2026, 17:05 Аустрия парламентінің депутаттары парламентаралық диалогты одан әрі жалғастыруға мүдделілік білдірді126696Аустрия парламентінің депутаттары парламентаралық диалогты одан әрі жалғастыруға мүдделілік білдірді12.06.2026, 17:45 126141Белградта Қазақстан - Сербия экономикалық ынтымақтастығы мәселелері талқыланды
22.05.2026, 20:31 251401Үкіметте ЕАЭО-ның шекарасындағы өткізу пункттерін жаңғырту мәселелері талқыланды22.05.2026, 17:13 237006Мемлекет басшысы Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады22.05.2026, 14:48 207466ШҚО-да "Ұлан" көлік-логистикалық кешені пайда болады21.05.2026, 13:04 194546Италия сенаторы Қазақстандағы саяси реформалардың жоғары деңгейін атап өтті21.05.2026, 14:05 194521Қазақстан мен БАӘ авиация мен инвестиция саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда

