04.05.2020, 12:46 5091

Сенат атом энергиясын пайдалану саласындағы азаматтық-құқықтық жауаптылық мәселелері бойынша заң жобасын қабылдады

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы ерекше ядролық тәуекелдер үшін жеткіліксіз және оларға бейімделмеген, ядролық оқыс оқиға салдарынан шығындарды өтеу тетігі жоқ, тек қана азаматтық-құқықтық жауаптылыққа негізделгендігін атап өту маңызды.

Алматы. 4 мамыр. Kazakhstan Today - Сенат атом энергиясын пайдалану саласындағы азаматтық-құқықтық жауаптылық мәселелері бойынша заң жобасын қабылдады.

2020 жылғы 30 сәуірде ҚР Парламенті Сенатының депутаттары "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне атом энергиясын пайдалану саласындағы азаматтық-құқықтық жауаптылық мәселелері бойынша өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын, сондай-ақ оған ілеспе "Халықтың радиациялық қауіпсіздігі туралы" және "Атом энергиясын пайдалану туралы" Заңдарына енгізілетін түзетулерді қабылдады,-деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігінің Баспасөз қызметі.

Заң жобасында Қазақстан Республикасында ядролық қондырғылардың жұмыс істеуі процесінде туындайтын қоғамдық қатынастар, оның ішінде ядролық қондырғы операторларының ядролық залал келтіргені үшін азаматтық-құқықтық жауаптылығы саласындағы қоғамдық қатынастарды реттеу көзделген.

1997 жылғы Ядролық залал үшін азаматтық жауапкершілік туралы Вена конвенциясы Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 10 ақпандағы Заңымен ратификацияланды.

Вена конвенциясының басты идеясы ядролық оқыс оқиға туындаған жағдайда, қондырғы операторы келтірілген залалды өтеуге міндетті болып табылатындығында. Бұл ретте, оператордың ядролық залалды өтеу сомасының ең төменгі мөлшерін мемлекет айқындайды.

Бүгінгі таңда Қазақстанда заңнамалық деңгейде 1997 жылғы Вена конвенциясының ережелерін қолдану шарттары регламенттелмеген, атап айтқанда, мемлекет тарапынан оператордың жауапкершілігінің шектері айқындалмаған және қаржылық қамтамасыз ету мен сақтандыру мәселелері реттелмеген.

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы ерекше ядролық тәуекелдер үшін жеткіліксіз және оларға бейімделмеген, ядролық оқыс оқиға салдарынан шығындарды өтеу тетігі жоқ, тек қана азаматтық-құқықтық жауаптылыққа негізделгендігін атап өту маңызды.

Қолданыстағы заңнамаға енгізілген түзетулер ядролық қондырғы операторларының үшінші тарап алдындағы азаматтық-құқықтық жауаптылығын күшейтуге бағытталған. Атап айтқанда, Заң жобасында ядролық оқыс оқиға нәтижесінде туындаған залалдан зардап шеккен адамдарға қаржылық қорғауды қамтамасыз ету, сондай-ақ ядролық қондырғы операторының ядролық залал келтіргені үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру тетіктерін белгілеу нормалары белгіленеді.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны