07.08.2020, 18:42 9062

Түркістан облысы Мәдениет басқармасының басшысы және осы басқарманың бөлім басшысы 7 жылға бас бостандығынан айырылды

Түркістан облысы Мәдениет басқармасының басшысы Н.Е. Исабек және осы басқарманың бөлім басшысы Д. Абдуллаева әрқайсысы 7 жылға бас бостандығынан айырылды

Алматы. 7 тамыз. Kazakhstan Today - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің бұрын аяқталған қылмыстық істері бойынша 20 адамға қатысты 18 айыптау үкімі шығарылды.

Сот үкімі бойынша бас бостандығынан 2 адам айырылды, 3 азаматтың бас бостандығы шектелді, 15-сіне айыппұл салынды, айыппұлдың жалпы сомасы шамамен 62 млн теңгені (61 842 500 теңге) құрады. Түрлі деңгейдегі 7 басшы сотталды.

1. 2020 жылдың 27 шілдесінде Түркістан қалалық сотының үкімімен Түркістан облысы Мәдениет басқармасының басшысы Н.Е. Исабек және осы басқарманың бөлім басшысы Д. Абдуллаева әрқайсысы 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

Исабек Түркістан облысының "Облыстық тарихи-өлкетану мұражайы" МҚКК-ға басшы лауазымына тағайындау үшін делдал Д. Абдуллаевадан 700 000 теңге пара алды деген күдікпен ұсталды.

2. 2020 жылдың 30 шілдесінде Түркістан облысы Келес аудандық сотының үкімімен Жамбыл ауылдық округінің әкімі Б. Құрманалиев сотталды және оған 12 млн теңге айыппұл салынды.

Ол Жамбыл ауылдық округінің аумағында "Нұрлы Жер" мемлекеттік бағдарламасы бойынша жер учаскесін беру туралы мәселені оң шешкені үшін 400 мың теңге пара алды деген күдікке ілінді.

3. 2020 жылдың 30 шілдесінде Шу аудандық сотымен "Жамбыл облысы Шу ауданы әкімдігінің Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" КММ басшысы Б.Ж. Есеев және Шу ауданы әкімдігінің ТКШ, ЖК және АЖ бөлімінің мамандандырылған көпсалалы "Ауыз су-Шу" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының директоры Б.К. Жиенбеков сотталып, мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырумен, әрқайсысына 20 млн. теңге мөлшерінде айыппұл салынды.

Олар Шу ауданының елді мекендеріндегі су құбыры желілерін ағымдағы жөндеуге арналған 2 млн.т еңге бюджет қаражатын ЖК Г. А. Джунусованың есеп шотына аудару және оларды одан әрі қолма-қол ақшаға айналдыру арқылы жымқырды деген күдікке ілінді.

4. 2020 жылғы 3 тамызда Махамбет аудандық соты "Атырау облысы Махамбет ауданының Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" ММ-нің басшысы М. Ершиковті мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырумен, 5 млн. теңге мөлшерінде айыппұл салды.

Ол Махамбет ауданының жеке кәсіпкерлерінен "Өңірлерді дамыту" мемлекеттік бағдарламасы бойынша бөлінген аудан халқын ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша шығындарды субсидиялау аясында орындалған жұмыстардың актілеріне қол қою үшін бірнеше рет 145 мың теңге пара алғаны және Атырау облысы әкімдігі басшылығымен кездесу ұйымдастыру үшін қаржылық көмек көрсету сылтауымен 160 мың теңге сомасында ақша қаражатын алаяқтық жолмен иемденгені үшін күдіктелген.

5. 2020 жылғы 6 тамызда Қорғалжын аудандық сотының үкімімен "Ақмола облысы Білім басқармасының жанындағы Қорғалжын ауылының Агротехникалық колледжі" МКҚК директоры А. Қоспанов сотталып, 3 жылға бас бостандығынан айырылды.

Ол қызметтік жалғандық жасау және қызметтік өкілеттігін теріс пайдалану арқылы 3 млн теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді.

Сотталған адамдар мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырылды.

Сонымен қатар, лауазымды тұлғаларға пара беру фактісі бойынша - 10 адам, алаяқтық фактісі бойынша - 2 адам және қызметтік өкілеттігін теріс пайдалану фактісі бойынша - 1 адам сотталды.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны