24.05.2022, 16:54 13841

СІМ: Сирия бойынша келіссөздердің кезекті раунды Нұр-Сұлтанда өтеді

Келіссөздер 14-16 маусымда өтеді.
НҰР-СҰЛТАН. 24 МАМЫР - Сирия бойынша келіссөздердің келесі раунды 14-16 маусымда Нұр-Сұлтанда өтеді. Бұл туралы Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді.
 

14-16 маусымда Нұр-Сұлтанда Сирия бойынша келіссөздің 18-ші раунды өтеді", - деп хабарлады Қазақстан СІМ өкілі.

 
Оның айтуынша, ведомство келіссөздің кепілдері және бақылаушы елдерге шақырту жолдады және қазір олардан шараға қатысуларын растауды күтіп отыр.
 
Сирияда 2011 жылдан бері қарулы қақтығыс жүріп жатыр. "Астана форматы" ретінде танымал Нұр-Сұлтандағы келіссөз 2017 жылдан бері жалғасып келеді. Ал 2018 жылдың қаңтарында Сочиде Сирия ұлттық диалогының конгресі өтті.
 
Бұл қақтығыс басталғаннан бері бір келіссөз алаңында қатысушылардың кең ауқымының бас қосудың алғашқы әрекеті болды. Женевада жұмыс істейтін және конституциялық реформаны дайындау негізгі міндеті болып табылатын конституциялық комитет құру туралы шешім Конгрестің басты нәтижесі болды.
 
Ақпарат көзі: sputnik.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны