12.09.2022, 14:16 15761

Тоқаев Ұлыбритания королін оның таққа отыруына байланысты құттықтады

Мемлекет басшысы Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің Королі ІІІ Чарльзге оның таққа отыруына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады.
Тоқаев Ұлыбритания королін оның таққа отыруына байланысты құттықтады
НҰР-СҰЛТАН. 12 ҚЫРКҮЙЕК - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің Королі ІІІ Чарльзге оның таққа отыруына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Қазақстан Ұлыбританиямен берік достық байланыстарға, қарқынды саяси диалогқа, өзара тиімді сауда-экономикалық байланыстарға негізделген берік стратегиялық серіктестікті жоғары бағалайды. Түрлі салалардағы, оның ішінде халықаралық аренадағы жан-жақты ынтымақтастығымыз достас халықтарымыздың игілігі үшін одан әрі нығая беретініне кәміл сенімдімін", - деп жазылған жеделхатта.

 
Құттықтау соңында Президент Корольге барлық игі бастамаларына толағай табыс, ал король отбасы мүшелері мен барлық британдықтарға бақыт пен өркендеу тіледі.
 
Бұдан бұрын хабарланғандай, Ұлыбритания патшайымы II Елизавета 2022 жылдың 8 қыркүйегінде өмірінің 97-ші жылында қайтыс болды. Британдық тақтың мұрагерлік тәртібі бойынша, Ұлыбританияның келесі патшасы оның үлкен ұлы Чарльз, Уэльс ханзадасы болды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны