30.09.2022, 14:58 23961

Тоқаев Үкіметке Абай облысының мектептерінде орын тапшылығы мәселесін шешуді тапсырды

Тоқаев Үкіметке Абай облысының мектептерінде орын тапшылығы мәселесін шешуді тапсырды
СЕМЕЙ. 30 ҚЫРКҮЙЕК - Абай облысының жұртшылығымен кездесу барысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке өңір мектептерінде орын тапшылығы мәселесін біржола шешуді тапсырды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Білім - бәсекеге қабілетті және табысты ұлттың қалыптасуының басты шарты. Қазір елімізде "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы жүзеге асырылуда", - деді Тоқаев.

 
Оның айтуынша, Абай облысындағы мектептерде 9 мыңға жуық балаға орын жетіспейді. 
 

Алдағы уақытта 11 мектеп пен 14 балабақша салу жоспарланған. Алайда мұның өзі жеткіліксіз. Үкімет пен әкімдікке облыс мектептеріндегі орын тапшылығы мәселесін біржола шешуді тапсырамын", – деді Мемлекет басшысы.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны