14.12.2022, 09:35 18881

Смайылов Үкіметтің жұмысы туралы: талап өте жоғары, ал қолымнан келмейді десеңіздер қазірден орынды босатыңыздар

Смайылов Үкіметтің жұмысы туралы: талап өте жоғары, ал қолымнан келмейді десеңіздер қазірден орынды босатыңыздар
Сурет: primeminister.kz
Астана. 14 желтоқсан. KAZAKHSTAN TODAY - ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Үкімет мүшелеріне жүгінді. Оның айтуынша, өз қабілеттеріне сенімді емес министрлер отставкаға кету туралы өтініш бере алады, деп хабарлайды ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі.
 

Жақында Президент сайлауы өтті. Оған дейін Конституцияға өзгертулер енгізілді.Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың алдағы 7 жылға арналған сайлауалды бағдарламасы белсенді түрде іске асырылуы тиіс. Қоғам бізден нақты, оң өзгерістер күтіп отыр", - деді Смайылов.

 
Ол бағыт айқын екенін атап өтті. Өзара байланысты үш қағидатқа, яғни, Әділетті мемлекет - Әділетті экономика - Әділетті қоғамға негізделген жаңа мемлекеттік саясатты қалыптастыру.
 

Мемлекет басшысы бізден "Жаңа жылға Үкіметтің қазіргі құрамымен аяқ басуға бола ма?" деген сұраққа нақты жауап күтеді. Мен Премьер-Министр ретінде Президент жүктеген міндеттерді орындауға әрі тиімді шешуге бар күшімді саламын. Осында отырған әрбір Үкімет мүшесінен де нақты жұмыс күтілуде. Біздің жұмысымыздың нәтижесін қазақстандықтар сезінуі керек. Талап өте жоғары. Ал қолымнан келмейді, шешім қабылдай алмаймын десеңіздер қазірден орынды босатыңыздар! Халыққа шын жаны ашитын, мойнына жауапкершілік алып, батыл шешім қабылдайтын адамдармен ғана жұмысты жалғастырамыз. Сонда көздеген мақсатқа жетуге болады", - деді Үкімет басшысы.

 
Отырыс барысында бүгін Мемлекет басшысының Сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі шараларды талқылануда.
 

Республикалық штаб құрылды. Оның құрамына орталық мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың барлық бірінші басшылары кірді. Штаб отырыстарын жүйелі түрде өткізіп тұрамыз. Сайлауалды бағдарламаны іске асыру жөніндегі Іс-қимыл жоспарының әрбір қадамы тұрақты бақылауда болады. Осы Жоспардың барлық тармақтарының орындалуы үшін бірінші басшылар тікелей жауапты. Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы бірқатар бағыт бойынша қатаң сын айтты. Әр министр Президент тапсырмалары мен іс-қимыл жоспарының тармақтарын орындау жөнінде жұмыс тәсілін ұсынуы тиіс", - деп қорытындылады Смайылов.

 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны