09.07.2014, 22:45 2616

А.Сәрінжіпов Қостанай облысындағы балалар демаласын ұйымдастыру жайымен танысты

Кеше Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов Қостанай облысына жұмыс сапарымен барды.

Алматы. 9 шілде. Kazakhstan today. Кеше Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов Қостанай облысына жұмыс сапарымен барды.

Министр генерал С.Бәкіров атындағы лагерьде дем алып жатқан облыстық балалар үйінің тәрбиеленушілеріне барды, деп хабарлайды ведомство.

Бас ұстаз онда демалыс пен тамақтандырудың қалай атқарылатынымен танысып, балалармен әңгімелесті, шығармашылық фестиваліне қатысып, балаларға музыкалық құрылғы сыйлады.

Сонымен қатар демалысты ұйымдастыруға, жазғы уақытта балаларды тынықтыру мен сауықтыруға арналған дөңгелек үстелге қатысты. Оған облыстық білім беру басқармасы жетекшілері, Қазақстан облыстарының ата-ана және педагогтер қоғамы өкіледері қатысты.

Шарада Қостанай облыстық балалар мен жасөспірімдерді сауықтыру және демалыс уақыттарын ұйымдастыру мәселелері, сонымен қатар республикадағы балаларды мектепке дейінгі білім беру мекемелерімен қамтамасыз ету жайы қаралды.

Отырыс басында еліміздің бас ұстазы Қостанай облысында қосымша білім беру жағынан республикадағы үздік көрсеткішке ие екенін айта келіп, балалардың жазғы демалысы жұмыстарын жоғары бағалады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны