13.04.2015, 21:58 3720

И. Жақсыбеков: бейберекет саудамен күресті кешенді және жүйелі түрде жүргізу керек

Қала басшысы бейберекет сауда қала тұрғындарыныӊ наразылығын тудыратын мәселелердіӊ бірі екендігіне тоқталды. Атап айтқанда, бұл жағдай "Артем" сауда орталығыныӊ маӊында көптеп кездеседі. Қала басшысы сауда нүктелеріндегі антисанитариялық жағдайларды еске салды.

Астана. 13 сәуір. Kazakhstan Today - Бүгін елордалық әкімдікте Астана қаласыныӊ әкімі Иділбек Жақсыбековтіӊ төрағалығымен өткен кезекті аппараттық жиында қаланы абаттандыру мен сауданы ұйымдастыру мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Қала басшысы бейберекет сауда қала тұрғындарыныӊ наразылығын тудыратын мәселелердіӊ бірі екендігіне тоқталды. Атап айтқанда, бұл жағдай "Артем" сауда орталығыныӊ маӊында көптеп кездеседі. Қала басшысы сауда нүктелеріндегі антисанитариялық жағдайларды еске салды.

- Мұндай жағдай елордада болмауы керек. Сондай дүӊгіршектер қаланыӊ барлық аудандарында бар. Осыған жауапты құрылымдардыӊ басшыларына ескерту жариялаймын. Бұл жұмыс кешенді әрі жүйелі түрде жүргізілуі тиіс, ешкім өз жұмысын өзгеге арта алмайды. Мен бұл жағдайды өз бақылауыма аламын, - деп атап өтті әкім.

Иділбек Жақсыбеков қала әкімініӊ орынбасары Нұрәлі Илиевке тиісті мемлекеттік органдармен бірлесіп, қаладағы бейберекет сауданы жою бойынша іс-шаралар жоспарын бекіту үшін енгізуді тапсырды.

Талқылауға салынған тағы бір мәселе - құрылыс нысандарыныӊ жағдайы. Икім олардыӊ сырт келбетіне назар аударды. Лас әрі майысқан қоршаулар, жыртылған баннерлер, ал кей жерлерде олардыӊ орныныӊ бос тұруы да қаланыӊ жеке бөліктерініӊ көркін кетіріп тұр.

- Құрылыс алаӊдары қауіпті нысан болып табылады, сондықтан, жұмыс басталмай тұрып қоршалуы тиіс. Қоршаулардыӊ сыртқы көрінісіне, материалына және құрылысына қойылатын белгілі талаптар бар. МАҚБ басқармасына екі апта ішінде барлық құрылыс нысандары қоршауларын қалпына келтіріп, брендтеуді тапсырамын, - деді әкім.

Жиын барысында қала басшысы елордада бүгін басталаған экологиялық айлық туралы еске салып, жалпықалалық сенбілікке қала тұрғындарыныӊ барлығы қатысуы керек екенін атап өтті. Бұл ретте сайлау учаскелеріне, тұрғын алаптарына, қала маӊындағы аумақтарға және базарларға жақын аумақтарды тазалау мен абаттандыруға ерекше көӊіл бөлу керек екенін баса айтты.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны