18.04.2013, 13:40 2939

Адам өліміне себепші болған қарағандылық шенеунікті қамақта ұстау мерзімі тағы екі айға ұзартылды

Қарағандының Қазыбек би аудандық соты жол апатын жасап, адам өліміне себепші болған облыстық Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының бұрынғы бастығы Ерлан Өтешевті қамақта ұстау мерзімін тағы екі айға ұзартты.

Қарағанды. 18-сәуір. Kazakhstan Today - Адам өліміне себепші болған қарағандылық шенеунікті қамақта ұстау мерзімі тағы екі айға ұзартылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қарағандының Қазыбек би аудандық соты жол апатын жасап, адам өліміне себепші болған облыстық Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының бұрынғы бастығы Ерлан Өтешевті қамақта ұстау мерзімін тағы екі айға ұзартты.

"Тергеу бөлімі айыпталушы Өтешевті қамақта ұстау мерзімін тағы екі айғка ұзартуды сұрап өтінішхат жолдаған болатын. Сол бұрынғы шенеунікті АК 159/1 изоляторында қалдырды", - деп бейсенбі күні "Интерфакс-Қазақстан" агенттігіне облыстық ІІД хабарлады.

Тұтқындау мерзімі қылмыстық іс бойынша сараптамалар жүргізуге қосымша уақыт талап етілуіне байланысты ұзартылып отыр.

"Атап айтсақ, жол апатына қатысқандардың алған жарақаттарын нақтырақ сипаттау үшін сот-медициналық сараптама тағайындау қажет. Сонымен қатар, автотехникалық сараптама нәтижесін күту керек. Ол Өтешевтің апатты болдырмауға мүмкіндігі болған-болмағанын анықтап береді", - дейді басқармадағылар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны