22.05.2015, 18:48 4454

АЭФ аясында 1 млрд доллардыӊ 8 меморандумына қол қойылды

Астана экономикалық форумыныӊ аясында өткен "Invest in Kazakhstan" инвестициялық форумында әлемніӊ ірі өнеркәсіп компанияларымен құны 1 миллиард доллар болатын 8 меморандумға қол қойылды, деді Инвестициялар және даму министрлігініӊ баспасөз хатшысы Қайсар Жұмабайұлы VIII Астана экономикалық форумы аясында өткен баспасөз мәслихатында

Астана. 22 Мамыр. Kazakhstan Today - Астана экономикалық форумыныӊ аясында өткен "Invest in Kazakhstan" инвестициялық форумында әлемніӊ ірі өнеркәсіп компанияларымен құны 1 миллиард доллар болатын 8 меморандумға қол қойылды, деді Инвестициялар және даму министрлігініӊ баспасөз хатшысы Қайсар Жұмабайұлы VIII Астана экономикалық форумы аясында өткен баспасөз мәслихатында, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Кешегі күнгі жиынныӊ қорытындысы бойынша, әлемніӊ ірі өнеркәсіп компанияларымен құны 1 миллиард доллар болатын меморандумға қол қойылды. Олардыӊ ішінде 5 меморандум қазір жұмыс істеп жатқан инвесторлармен жасалды. Олар өздерініӊ жобаларын реинвестициялау қажет деп шешті. Олардыӊ арасында француздық Danone, Қазақстандағы француздық іскерлік топтар қауымдастығы, Арматура шығаратын General неміс компаниясы мен тағы осы неміс және италиялық компаниялар бар. Қалған өзара түсіністік туралы меморандумдар жаӊа инвесторлармен жасалды",-деді Қ.Жұмабайұлы, деп хабарлайды strategy2050.kz тілшісі.

Естеріӊізге сала кетейік, VIII Астана экономикалық форумына әлемніӊ 90 мемлекетініӊ саяси, сарапшылық жен әскер топтарынан 3 мыӊға жуық адам қатысуда.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны