21.05.2014, 23:01 3587

АЭФ әлемдегі ең ірі алаңдардың біріне айналуда - Р.Жошыбаев

АЭФ әлемдегі ең ірі алаңдардың біріне айналып кел жатыр. Бұл туралы бүгін ЭКСПО халықаралық мамандандырылған көрмесінің комиссары, ҚР сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Рәпіл Жошыбаев VII Астана экономикалық форумы аясындағы "ЭКСПО-2017" - тұрақты даму энергиясы" панельді сессиясында мәлімдеді.

Алматы. 21 мамыр. Kazakhstan today. АЭФ әлемдегі ең ірі алаңдардың біріне айналып кел жатыр. Бұл туралы бүгін ЭКСПО халықаралық мамандандырылған көрмесінің комиссары, ҚР сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Рәпіл Жошыбаев VII Астана экономикалық форумы аясындағы "ЭКСПО-2017" - тұрақты даму энергиясы" панельді сессиясында мәлімдеді.

"Астана экономикалық форумы әлемдегі ең ірі алаңдардың біріне айналып келе жатыр. Ауқымдылығы, өзектілігі мен инвестициялық әлеуеті мен әсер ету формасы жыл санап артып келеді", - дейді Р.Жошыбаев.

Естеріңізге сала кетейік, форум аясында түрлі тақырыптарға арналған шаралар өтіп жатыр. Оған әйгілі саясаткерлер, қоғам қайраткерлері, іскерлік орта өкілдері мен БАҚ қатысуда.

"ЭКСПО-2017" - тұрақты даму энергиясы" осыншалықты мол спикер жинап, көптеген сарапшылардың назарын аударғаны біздің көңілімізге қуаныш ұялатады. Өздеріңізге де белгілі, Қазақстан Республикасы 2017 жылдың 10 шілдесі мен 10 қыркүйегі аралығына ЭКСПО халықаралық мамандандырылған көрмесін ұйымдастыруға дайындалып жатыр. Шараның басты тақырыбы адамзаттың күрделі мәселелрінің біріне айналып отырған "Болашақтың энергиясы". Бұл мәселенің шешілуі көптеген елдердің стратегиялық міндеті болып табылады", - дейді ол.

Оның айтуынша, Қазақстан өзінің мол қуат көзіне қарамастан өзге елдермен қатар баламалы қуат көздерін дамытуға мүдделі болып отыр.

"Дәстүрлі қуат көздерінің әлеуеті өте орасан, ал оның кейінгі зияны да аз емес. Қоршаған ортаға келтірер залалы айтпаса да түсінікті. Осы мәселенің түйінін тарқату үшін халықаралық қауымдастық Астанада бас қосып, экологиялық және қоршаған ортаға қауіпсіз қуат көздерін іздестірмек", - дейді Р.Жошыбаев.

"Біздің ел "жасыл экономиканы" енгізуде белсенді жұмыс істеп жатыр. Қазіргі таңда әлемге жаңа даму жолы қажет. Осы орайда Қазақстан 21 ғасырдағы жаһандық энерго-экологиялық тұрақты даму стратегиясы мен "Жасыл өткел" әріптестік бағдарламасын ұсынуда", - дейді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны