23.02.2016, 15:58 4329

"Айбалта - 2016" оқу-жаттығуына тартылған әскери авиация шабуыл әуейлағына орналасты

Маӊдайшептік авиацияныӊ ұшақтары алғаш рет кеше басталған "Айбалта - 2016" ірі ауқымды оқу-жаттығуы шеӊберінде Шымкент және Талдықорған әуейлақтарынан Үшарал айлағына шаба жөнеліп орналасты

Астана. 23 ақпан. Kazakhstan Today - Маӊдайшептік авиацияныӊ ұшақтары алғаш рет кеше басталған "Айбалта - 2016" ірі ауқымды оқу-жаттығуы шеӊберінде Шымкент және Талдықорған әуейлақтарынан Үшарал айлағына шаба жөнеліп орналасты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Оқу-жаттығу жоспарына сәйкес Су-25 шабуылдағыштары, МиГ-27 бомбалаушы-жойғыштарыныӊ экипаждары Семей қаласыныӊ маӊындағы полигонда авиациялық соққы жасап, әрі қарай өзге шабуыл әуеайлағына Аягөзге отырғызылады, деп хабарлады Қорғаныс министрлігініӊ баспасөз қызметі.

"Шабуыл әуеайлақтары ұшақтарды жауынгерлік жиынтығын толтыру және толық құю, сондай-ақ авиацияныӊ іс-әрекетініӊ қашықтығын ұлғайту мақсатында аз уақытта тұрақтау үшін арналған. Мұныӊ барлығы ұшу құрамынан таӊсық әуеайлаққа отырғызуға ұшу құрамынан мұқият дайындықты, ал инженерлік-техникалық құрамнан қысқартылған құрамда ұшақтардыӊ сапалы даярлығын қажет етеді", - деп ҚР ҚК ИҚК ИИК қолбасшысы авиация генерал-майоры Дәурен Қосанов атап өтті.

Авиация үшін аталмыш оқу-жаттығудыӊ ерекшелігі оныӊ төмен температура және күрделі метеорологиялық жағдайларда қысқы кезеӊде өткізілуі болып табылады. Ұшақтардыӊ орнығуыныӊ алдында шабуыл әуеайлақтарында ұшу-қондыру жолағыныӊ дайындығы болды. Ұшуларды радиотехникалық қамтамасыз етудіӊ қосымша құралдарын, сондай-ақ материалдық құралдар мен авиациялық жою құралдарыныӊ қорын автомобильді көлікпен жеткізу.

Бұдан бұрын кеӊес уақытында Үшарал және Аягөз әуеайлақтарында МиГ-21 жойғыштарыныӊ полктары орналасқанын айта кетейік. Қазіргі уақытта онда жауынгерлік әзірлік жай-күйде ұстап тұратын авиациялық комендатуралар бар. Жойғыштар мен шабуылдағыштарды қондыруға дейін Үшарал және Аягөз әуеайлақтары тек қана әскери-көліктік авиацияныӊ ұшақтары және тікұшақтарымен қолданылды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны