23.10.2017, 15:11 5139

Ақмола облысы Сандықтау ауданында 18 пәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді

"Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша Ақмола облыстық бюджеттен бөлінген 105,2 миллион теӊгеге Балкашино селосында 18 пәтерлі тұрғын үй салынып пайдалануға берілді.

Көкшетау. 23 қазан. Kazakhstan Today - "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша Ақмола облыстық бюджеттен бөлінген 105,2 миллион теӊгеге Балкашино селосында 18 пәтерлі тұрғын үй салынып пайдалануға берілді.

Аудан орталығында ашылған 180 орынды спорттық-сауықтыру кешені 250 миллион теӊгеге салынды. Қазір 200 оқушыға арналған жаӊа мектеп салынып жатыр. Сандықтау ауданы облыстағы әлеуметтік- экономикалық даму көрсеткіші артып келе жатқан әлеуеті жоғары өӊірлердіӊ бірінен саналады. Аудан тұрғындарыныӊ тұрмысы жылдан жылға жақсарып келеді.

Ақмола облысыныӊ әкімі Мәлік Мырзалин алдымен Сандықтау ауылындағы жетімдер мен ата-анасыныӊ қамқорлығынсыз қалған балалар үйінде болды. Мекеме басшысы Исия Ұлмесекованыӊ айтуына қарағанда 52 бала тәрбиеленуде. Алдағы уақытта күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Ол үшін 1,3 миллиард теӊге қаржы қажет екен. Мекеме басшысыныӊ сөзін тыӊдай келе, Мәлік Мырзалин облыстық құрылыс және білім басқармаларыныӊ басшыларына күрделі жөндеу жұмыстарыныӊ ауқымы мен қажетті қаржыныӊ көлемін нақтылауды тапсырды. Өӊір басшысы Балкашино селосында "Нұрлы жер" бағдарламасы шеӊберінде салынған 18 пәтерлі тұрғын үйді пайдалануға беру салтанатына қатысып, құттықтау сөз сөйледі. Тұрғын үй облыстық бюджеттен бөлінген 105,2 миллион теӊге қаржыға салынған. Жұмысты мердігер "Строй Центр Кокшетау" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізген. Бұл ауданда "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша салынып отырған алғашқы тұрғын үй. Баспаналы болғандардыӊ арасында балалар үйініӊ тәрбиеленушілері, мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік сала қызметкерлері және соғыс ардагерлері бар. Соныӊ бірі Беларусь, Латвия, Литва және Польшаны азат етуге қатысқан 91 жастағы соғыс ардагері Григорий Черевко өӊірде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ халықты баспанамен қамтамасыз ету бағытында алға қойған міндеттері мен "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырылып жатқандығы үшін облыс басшысына алғысын білдірді.

"Көптен күткен қуанышыма қол жеткізіп отырмын. Жаӊа екі бөлмелі пәтердіӊ кілтін алдым", - деді соғыс ардагері.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны