02.10.2017, 17:32 4614

Ақмола облысында "Щучинск-Бурабай" курортты аймағын дамыту бағдарламасыныӊ 3-ші кезеӊі бойынша жұмыстар жүргізілуде

Ақмола облысы туризм кластері бойынша 800 кәсіпорынды біріктіріп отыр. Қазір 296 курорт және санаторий, қонақ үйлер бар. 68 туристік фирма жұмыс істейді. "Щучинск-Бурабай" курортты аймағын дамытудыӊ 2017-2020 жылдарға арналған бағдарламасыныӊ 3-ші кезеӊі бойынша жұмыс ойдағыдай жүргізілуде. Халықаралық "ЭКСПО-2017" көрмесі кезінде 10 мыӊнан астам туристерге қызмет көрсетілді.

Көкшетау. 2 қазан. Kazakhstan Today - Ақмола облысы туризм кластері бойынша 800 кәсіпорынды біріктіріп отыр. Қазір 296 курорт және санаторий, қонақ үйлер бар. 68 туристік фирма жұмыс істейді. "Щучинск-Бурабай" курортты аймағын дамытудыӊ 2017-2020 жылдарға арналған бағдарламасыныӊ 3-ші кезеӊі бойынша жұмыс ойдағыдай жүргізілуде. Халықаралық "ЭКСПО-2017" көрмесі кезінде 10 мыӊнан астам туристерге қызмет көрсетілді.

Бұл орайда, жол бойындағы қызмет көрсетудіӊ сапасын жақсарту мәселесі де көӊіл көкжиегінен қағыс қалып отырған жоқ. Қазіргі күні жол бойында 420 нысан жолаушыларға хал-қадірінше қызмет етуде. Аймаққа туристерді тарту бағытында жұмыс істейтін 68 туристік фирма осы саладағы қажеттіліктерді толығымен қанағаттандыруда. Қысы-жазы алыс-жақын шетелдерден, өз елімізден келетін туристерге мынадай бар деп көрсететін дүние аз емес және олардыӊ олқы соқпайтыны да көпке белгілі. Бұдан бұрын сан рет айтылған көркем табиғаттыӊ ғажайып бейнесін түгел тілге тиек етпесек те, "Көкшетау", "Бурабай", "Бұйратау" мемлекеттік ұлттық табиғат парктерін, оған қоса "Қорғалжын" мемлекеттік табиғи паркін айтатұғын болсақ, туризм саласындағы әлеуетіміз бар қуатымен айшықталып көрінер еді.

Алдымен, осы саладағы дамудыӊ басты бағыттарын іріктеп алайық. Олар: экологиялық, мәдени-танымдық, емдеу-сауықтыру, іскерлік, спорттық тәрізді бағыттар. Бүгінгі таӊда облыстағы туризм саласыныӊ барлығын бірдей қанаттастыра дамытуға толық мүмкіндігіміз бар. Өйткені, біздіӊ өлкеніӊ ғажайып табиғи байлығы өзінен-өзі сұранып тұр емес пе? Ендігісі сол байлықты ретті пайдаланып, табысты салаға айналдыру.

Үстіміздегі жылы салаға соны серпін беру бағытында атап айтарлықтай іс тындырылды деп айтуға әбден болады. Жылдыӊ алғашқы жартыжылдығында меймандарды қарсы алып, қызмет көрсететін нысандардыӊ саны 296-ға жетті. Оқырманға түсінікті болуы үшін сәл тереӊірек қамтып айтатын болсақ, осы нысандар бір мезгілде туристерге 11681 орнын ұсына алады. Біз есепке алып отырған уақыт ішінде ат ізін салушылар да аз болған жоқ. Осы арада тағы бір дерек келтіре кетсек, туризм саласыныӊ салмақты ісі айқын аӊғарылар еді. Мәселен, өткен жылдыӊ сәйкес мерзімімен салыстырғанда қызмет көрсету деӊгейі 3,8 пайызға өсіп, 2 224,7 миллион теӊгеге жетті. Көрікті өӊірге қадам басқан 137 685 адамға қызмет көрсетіліп, бұл орайдағы көрсеткіш 104,0 пайызды құрады.

Саладағы салмақты іс бір орында тоқырап қалмай, уақыт өткен са-йын заман талабына сай жаӊаша түлеп, қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіліп, кірпияз келушілердіӊ көӊілінен шығатын деӊгейде алға басуда. Алға басудыӊ алғашқы шарты осы заманғы, барлық жағдайы туғызылған нысандар. Осы қатарға "Додопицца" жауапкершілігі шектеулі серіктестігініӊ жылдам тамақтандыратын мейрамханасы, туристік база, Щучинск қаласындағы осы заманғы гольф клубтарды айта кетуге болады.

Біз әрине, облыстағы туризм саласын дамыту еӊ алдымен нақ дамыған елдердегідей жағдай туғызуға тікелей байланысты екендігін жақсы түсінеміз.

Қазір тарихи-мәдени мұраға айналып отырған киелі жерлерге, қасиетті орындарға ниет білдірушілердіӊ көп баруы заӊды. Сол себепті, жол салынып, бұрынғы салынған жолдар жөндеуден өткізілуде. Мәселен, Щучинск-Бурабай курортты аймағындағы жолдардыӊ жөнделуі алдымен қала тұрғындарына, келімді-кетімді меймандарға қолайлы жағдай туғызуда. Сондай-ақ, Астана-Ерейментау бағытындағы жол құрылысыныӊ аяқталуы, Астана-Қорғалжын бағытындағы күре жолға күрделі жөндеу жүргізілуі оӊынан оӊғарылған шаруа болды.

Бүгінгі таӊда Щучинск-Бурабай курортты аймағын дамытуға арналған, 2017-2020 жылдарға есептелген жоспардыӊ үшінші кезеӊі бойынша жұмыс істеудеміз. Облыс әкімдігі аймақтағы туризм қуатын толық пайдалану үшін жақсы жағдай туғызуда. Жалғыз қарсы алудыӊ жай-күйі, орналастыру немесе көрікті табиғат қана туристердіӊ ықыласын аудармайды, сонымен бірге, олардыӊ дем алатын жерлерінде мәдени қызмет көрсетіліп, әрбір іс-шараныӊ мазмұныныӊ қызғылықты болуы да есепке енгізіледі.

Шынын айтқанда, бұрынғы қалыптасқан қағидалар, қызмет жүйесі ендігі арада өркениеттіӊ өрінен өӊі жақсы, тыӊ дүние іздейтін туристердіӊ биік талабынан шыға алмауы да мүмкін. Қай уақытта болмасын алға жылжыған, зымыраған замана көшініӊ өлшем талабына сай болу біз үшін басты міндет. Осы орайда, Бурабай курортты аймағында жыл бойы нақты істер қолға алынуда. Аймақтыӊ брендін қалыптастыруда туристік ақпараттық орталықтыӊ да қосар үлесі зор деп білеміз. Туристердіӊ көӊілін аудару үшін жазғы маусымда курортты аймақта дәстүрге айналған "Бурабай-2017" халықаралық желкенді қайық жарысын өткіздік. Оған Қазақстанныӊ ғана емес, Ресейдіӊ де көптеген спортшылары қатысты. Тамыз айында облыстық әкімдіктіӊ қолдауымен Олимпиада чемпионы, атақ-даӊқы аӊызға айналған велошабандоз А.Винокуровтыӊ қатысуымен қайырымдылық шарасы өткізілді. Шара барысында рекордтық деӊгейде қаржы жиналды. Ол қаржыға мүмкіндігі шектеулі балаларға қызмет көрсететін орталықтыӊ медициналық құрал-жабдықтары алынды.

Соӊғы уақытта Бурабай курортты аймағы алыс-жақын шетелдіктердіӊ назарын аударуда. Бұл пікіріміздіӊ мысалы ретінде курортты аймақтағы "Номад" көшпенділердіӊ бағзы замандағы тіршілігімен, салт-дәстүрімен тыныстаған туристер қатарыныӊ күрт көбейгендігін айтуға болады. Олардыӊ қатарында Ресей, Түркия, Бразилия, тағы басқа мемлекеттердіӊ туристері болды. Бұл дегеніӊіз жалғыз сейіл-серуен, таза ауадағы демалыс емес, қазақ елініӊ ғасырлар қойнауына еніп кеткен өткен өмір салты, мәдениеті мен салт-дәстүрі жақұттай жарқырай көрініп, бар ажар-сымбатымен айрықша айшықталған дүниелер. Сондай-ақ, ауқымы кеӊ, тағылымы мол, қызық-думаны көп шаралар қатарынан байкерлер слетін, "Елікті парк" тау шаӊғысы базасында ұйымдастырылған рок-фестивальді айта кетуіміз керек. Оған темір тұлпарды тізгіндеген Ресей, Украина және Прибалтика өкілдері қатысты. Есепті кезеӊ ішінде елді елеӊ еткізген соқталы іс - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ қатысуымен пайдалануға берілген гольф клуб.

Бүгінгі таӊда қысқы маусымға дайындық қызу жүргізілуде. Исіресе, "Қысқы ертегі" жобасына үлкен үміт артылып отыр. Онда айдын үстіне танымал суретшілердіӊ, дизайнерлердіӊ, мүсіншілердіӊ қатысуымен мұз қалашығы салынбақ. Өзіндік қайталанбас қызық-думанымен, әсемдігімен әрленіп, туристерді өзіне еліктіріп тартатын мұз қалашығы үш ай бойы жұмыс істейтін болады. Жалғыз ол ғана емес, "Икем, анам және мен, спорт сүйген отбасымыз" фестивалі ұйымдастырылады. Ересектердіӊ ғана емес, балалардыӊ да балғын көӊілінен шығу басты міндет. Оларға арнап "Санта Клауста мейман болғанда" атты және басқа да балалар бағдарламалары қолға алынуда. Міне, осындай мазмұнды шаралар легі тұтаса келе, өзіндік сән-салтанаты, тағылымдық тұғыры биік, көркем әлемді қалыптастырады.

Бүгінгі таӊда тау шаӊғы базасыныӊ құрылысына инвестор іздестірілуде. Одан басқа да мақсат етіп отырған маӊызды істеріміз аз емес. Ойға оралған, жоспарланған шаруалар оӊынан оӊғарылса, салаға серпін беретін іс болары дау туғызбаса керек.

Халықаралық "ЭКСПО-2017" мамандандырылған көрмесіне астаналық аймақ ретінде өз үлесімізді қостық. Көрмеге келген меймандарды қарсы алу бағытында қыруар жұмыс атқарылды. Бұл орайда, көрме өткізілген кезеӊде он мыӊнан астам туристерге мінсіз қызмет көрсеткенімізді айтатұғын болсақ, жұмыла атқарған жұмыстыӊ ауқымы тайға таӊба басқандай көрінер еді. Жалғыз сырттан келген меймандарға ғана емес, облыс тұрғындарына да көрменіӊ маӊызы мен мұраты туралы түсінік жұмыстары жүргізілді. Осындай жұмыстыӊ нәтижесінде 113 мыӊнан астам адам көрмені тамашаласа, соныӊ 20,6 мыӊы облысымыздыӊ студенттері мен мектеп оқушылары.

Алдағы уақытта облыстыӊ туризм саласындағы бар мүмкіндігін түгел пайдаланып, саладағы қызмет көрсету деӊгейін өркениеті өрістеген, дамыған елдердіӊ деӊгейінде ұйымдастырып, қызмет аясын кеӊейтуге бар күш-мүмкіндігімізді жұмылдыратын боламыз. Олай болатындығы, облыс экономикасыныӊ басым бағыттарыныӊ бірі болып саналатын туризм индустриясыныӊ пайдасы еліміздіӊ әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсартуға өз үлесін қосуы керек. Бұл біз үшін басты міндет, дейді облыстық туризм басқармасыныӊ басшысы Шынарбек Батырханов.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны