17.05.2017, 16:46 4017

Ақмола облысында "Туған жер" бағдарламасыныӊ жүзеге асыру барысы талқыланды

Аталған жоспар, 150 ден астам iс шараны қамтиды, атап айту керек, мұнда облыстағы тарихи -мәдәни жәдiгерлер, туризм нысандары, табиғи қорықтар тiзiмiн және ақпараттарды бiр жерде шоғырландыратын танымдық интертен портал құру мiндетi де қарастырылған.

Көкшетау. 17 мамыр. Kazakhstan Today - Ақмола облысыныӊ әкiмi Мәлiк Мырзалиннiӊ төрағалығымен өткiзiлген "Туған жер" бағдарламасын iске асыру мәселелерi жөнiндегi алғашқы ұйымдастыру отырысында аймақта осы бағытта атқарылатын жұмыстардыӊ iс-жоспары қарастырылды. Жиынға қоғамдық бiрлестiктердiӊ, саяси партиялардыӊ, "Атамекен" ұлттық кәсiпкерлер палатасыныӊ өкiлдерi, БАҚ және мемлекеттiк органдардыӊ басшлары қатысы.

Облыстық iшкi саясат басқармасыныӊ басшысы, А. Мысырәлимованыӊ айтуынша, жобаныӊ негiзгi концепциясы 4 блоктан тұрады, олар бiлiм, аймақтық мәдениет, кәсiпкерлердi қолдау және бағдарламаныӊ iске асыру барысын бұқараға жеткiзу. Сондай-ақ А. Мысырәлимова бүгiнгi күнi "Туған жер" бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында жұмыс тобы құрылып, оныӊ құрамына, қоғамдық ұйымдардыӊ, этно-мәдени орталықтардыӊ және бизнес өкiлдерi бар екенiн атап өттi. Жұмыс тобыныӊ басшысы болып, облыс әкiмiнiӊ орынбасары Н.Нұркенов және Ш. Уәлиханов атындағы КМУ ректоры И. Ибжапаров болып бекiтiлдi.

Өз кезегiнде аймақ басшысы, бағдарламаны өӊiрде жүзеге асыру жұмысында мамандардыӊ қатарын арттырып, мәселен, бұл төӊiректе әлеуметтiк желiлерiӊ белсендiлерiн тартуды тапсырды.

Бұдан басқа жиында қатысушылар назарына "Туған жер" бағдарламасын облыста жүзеге асыру мақсатында орындалатын iс-шаралар жоспары ұсынылды. Аталған жоспар, 150 ден астам iс шараны қамтиды, атап айту керек, мұнда облыстағы тарихи -мәдәни жәдiгерлер, туризм нысандары, табиғи қорықтар тiзiмiн және ақпараттарды бiр жерде шоғырландыратын танымдық интертен портал құру мiндетi де қарастырылған.

Пiкiр алмасу кезiнде Ш. Уәлиханов атындағы КМУ университетiнiӊ ректоры И. Ибжапаров аймақтағы мәдени - тарихи жәдiгерлердi сақтап, киелi- қаисиеттi мекендердi зерттеп, зерделеп, оларды таныту мақсатында ақпараттандыру аясын кеӊейтудi, оларды одан әрi зерттеудi ұсынды. Аталған бағдарлама аясында бұл тұрғыда жұмыс iстеуде университет ғалымдары, ұстаздары мен студенттерi дайын екенiн жеткiздi.

Жиын қортындысында, "Туған жер" бағдарламасын жүзеге асыруға атсалысатын жұмыс тобы құрамындағы "Жоба офис", "Басқаратын" және "Сараптама" топтарыныӊ құрамы бекiтiлдi.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны