05.10.2017, 18:49 4781

Ақмола облысыныӊ әкімдігі мен "БЖЗҚ" меморандумға қол қойды

Ақмола облысыныӊ әкiмi Мәлiк Мырзалин "Бiрiккен жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ басқармасыныӊ төрайымы Нұрбүбi Наурызбаевамен өзара ынтымақты жұмыс туралы меморандумға қол қойды.

Көкшетау. 5 қазан. Kazakhstan Today - Ақмола облысыныӊ әкiмi Мәлiк Мырзалин "Бiрiккен жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ басқармасыныӊ төрайымы Нұрбүбi Наурызбаевамен өзара ынтымақты жұмыс туралы меморандумға қол қойды.

Шараға облыс активi мен қаржы мекемелерiнiӊ басшылары қатысты. Облыс әкiмi екiжақты меморандум ұзақ мерзiмдi жемiстi жұмыс iстеуге негiз болатынына сенiм бiлдiрiп, зейнетақы қоры туралы ақпараттандыру бағытында бiраз шаруалар атқарылып жатқанын, әлi де назар аударатын мәселелер бар екендiгiн атап өттi.

"БЖЗҚ" АҚ басқарма төрайымы құрылғанына жиырма жыл толған зейнетақы жинақтау қорыныӊ осы кезеӊ iшiнде көптеген қиындықтарды жеӊе отырып, айтарлықтай нәтижелерге қол жеткiзгендiгiн, бүгiнгi күнi жинақталған қор көлемi жалпы iшкi өнiмнiӊ 15 пайызын құрайтынын айтты.

Дегенмен де, барлық кәсiпорындар мен мекемелер жинақтаушы қорға ақша аудара бермейдi. Бұныӊ өзi адамдардыӊ зейнетақы деӊгейiне елеулi әсерiн тигiзедi.

"Облыс әкiмдiгiмен жасалған меморандум осы бағыттағы жұмыстарды жандандыруға игi ықпалын тигiзедi деп сенемiн" дедi "БЖЗҚ" АҚ басқармасыныӊ төрайымы. Зейнетақы жинақтаушы қорыныӊ қазiргi жай-жапсары туралы бейнебаян көрсетiлiп, онда елiмiздегi және облысымыздағы зейнетақы қорына ақша аудару жайында жан-жақты мәлiметтер қамтылды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны