24.07.2017, 18:58 2768

Ақмола облысыныӊ әкімі "Бірлік" мөлтек-ауданында қордаланған мәселелерді шешуге міндеттер жүктеді

Облыс әкiмi жоспардан тыс "Бiрлiк" шағын-ауданына барып, қала әкiмiне жол жөндеуге, көшелердi жарықтандыру мен қоғамдық көлiктiӊ қозғалысын қалпына келтiруге қатысты тапсырламалар жүктедi.

Көкшетау. 24 шілде. Kazakhstan Today - Бүгiн облыс әкiмi Көкшетауда құрылысы жүрiп жатқан бiрқатар нысанда болып, жұмыс қарқынымен танысты. Еӊ алдымен аймақ басшысы "Сарыарқа" мөлтек-ауданында салынып жатқан мектептiӊ құрылысын көрдi. Мұнда М. Мырзалин құрылыс кезiнде жергiлiктi компанияларыныӊ өнiмдерi менқондырғыларын қолдануды тапсырды. Атап айтайық, қазiр Көкшетауда мемлекеттiк тiлде дәрiс беретiн жаӊа мектептiӊ құрылысы жүрiп жатыр. Бiлiм ошағы 2018 жылдыӊ 3-шi тоқсанында пайдалануға берiлмек. Бүгiнде нысанда жұмыс кестеге сай жүрiп жатыр.

"Васильковский" мөлтек ауданында облыс әкiмi аулаларды қалпына келтiру жұмысымен танысты. Қала басшысы Е. Маржықпаевтыӊ айтуынша, биыл бұл мөлтек аудандағы аулаларды жөндеу жұмысы аяқталуға жақын және "Центральный" мен "Юбилейный" шағын аудандарында жұмыс жалғасуда. "Биыл бiз аулаларды ретке келтiруге қажеттi қаржыны үш есеге көбейттiк, егер былтыр тек 14 аула жөнделсе, биыл 62-сi қалпына келтiрiлiп, пайдалануға берiледi",-дедi Е. Маржықпаев.

Осы күнi облыс әкiмi "ENKI" кiрпiш зауытында да болды. Қазiр мұнда кiрпiштiӊ 40 тан астам түрi шығарылып, өндiрiс орны толық қуатымен жұмыс iстеуде. М. Мырзалин облыс орталығыныӊ алдағы жылу мауысымына дайындығын да пысықтады. Жылу орталығыныӊ басшысы С. Жуковтыӊ айтуынша, қазiр жөндеу жұмыстары қазандық пен жылу трассаларында жоспарға сай жүрiп жатыр.

Облыс әкiмi жоспардан тыс "Бiрлiк" шағын-ауданына барып, қала әкiмiне жол жөндеуге, көшелердi жарықтандыру мен қоғамдық көлiктiӊ қозғалысын қалпына келтiруге қатысты тапсырламалар жүктедi.

Еске сала кетейiк, "Бiрлiк" мәселесiне қатысты БАҚ бiршама ақапарат болған, осыған орай бүгiн облыс әкiмi аталған мөлтек ауданында болып, түйiткiлдерге байланысты мiндеттер жүктедi.

Сондай-ақ, осында аймақ басшысына биыл жыл аяғына дейiн "Нұрлы жер" мемлекеттiк бағдарламасы аясында берiлетiн жер телiмдерi көрсетiлдi. Қала әкiмiнiӊ ақпаратына сәйкес, осы жылы 168 жер телiмi жер кезегiнде тұрғандарға үлестiрiледi, сонымен қатар тағы 3000 жер телiмiне қатысты жобалық сметалық құжаттар әзiрленуде.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны