02.10.2017, 17:36 4407

Ақмола облыстық мектептерініӊ 88 пайызы интернет желісіне қосылған

Қазіргі таӊда облыста 584 мектеп жұмыс істейді. Тәуелсіздік алған жылдардан бері 14 мыӊнан астам орынға лайықталып салынған 40 мектеп ашылды. Осы жылдар аралығында 10 миллиард теӊгеге 626 білім ұйымына күрделі жөндеу жүргізілді. Соӊғы жылдары облыстағы мектептердіӊ 50 пайызы жаӊа модификациялы кабинеттермен жабдықталған. Биыл жергілікті бюджеттен 20 кабинет алуға 77 миллион теӊге бөлініп, 1 миллиард теӊгеге жаӊа оқулықтар сатып алынды. Өӊір мектептерініӊ 88 пайызы интернет желісіне қосылған. Қазіргі таӊда облыста 22 мыӊ педагог еӊбек етеді.

Көкшетау. 2 қазан. Kazakhstan Today - 30 қыркүйекте Ақмола облысыныӊ әкімі Мәлік Мырзалин Көкшетаудағы Үкілі Ыбырай атындағы облыстық филармонияда болып өткен Мұғалім күніне арналған салтанатта өӊірдіӊ барлық педагогтар қауымын құттықтап, білім саласыныӊ дамуына лайықты үлес қосып келе жатқан таӊдаулы ұстаздарға құрмет көрсетті.

Салтанатты жиында сөз сөйлеген облыс әкімі Мемлекет басшысыныӊ ғылым мен білім саласына айрықша көӊіл бөліп келе жатқандығын баса айтып, жиналғандарға жүрекжарды тілегін жеткізді.

- Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев білім беру саласы, оныӊ ішінде ұстаздар алдына жаӊа интеллектуалды ұлт қалыптастыру мен дамыту міндетін қойып отыр. Осы орайда, сіздердіӊ жоғары кәсіби біліктіліктеріӊіз бен тереӊ білімдеріӊіздіӊ арқасында ел келешегі үшін еселі еӊбек етуге әзір әлеуеті биік, зерделі жастар өсіп келе жатқандығын айрықша атап өткім келеді,-деді өӊір басшысы өз сөзінде.

Айта кету керек, қазіргі таӊда облыста 584 мектеп жұмыс істейді. Тәуелсіздік алған жылдардан бері 14 мыӊнан астам орынға лайықталып салынған 40 мектеп ашылды. Осы жылдар аралығында 10 миллиард теӊгеге 626 білім ұйымына күрделі жөндеу жүргізілді. Соӊғы жылдары облыстағы мектептердіӊ 50 пайызы жаӊа модификациялы кабинеттермен жабдықталған. Биыл жергілікті бюджеттен 20 кабинет алуға 77 миллион теӊге бөлініп, 1 миллиард теӊгеге жаӊа оқулықтар сатып алынды. Өӊір мектептерініӊ 88 пайызы интернет желісіне қосылған. Қазіргі таӊда облыста 22 мыӊ педагог еӊбек етеді. Алайда, әлі де болса, білікті мамандар тапшы екендігі жасырын емес. Осыған орай, облыс әкімініӊ бастамасымен облыстық бюджеттен 100 білім гранты бөлінген.

Жиында педагогикалық үрдістегі жетістіктері үшін "Ыбырай Алтынсарин" төсбелгісімен Аршалы ауданындағы Вячеслав орта мектебініӊ құқық негіздері мен экономика және тарих пәндерініӊ мұғалімі Елена Молешкова мен Жақсы ауданындағы білім бөлімініӊ басшысы Ақжарқын

Сауытова марапатталды. Сонымен қатар, "Қазақстан Республикасыныӊ білім беру ісініӊ құрметті қызметкері" төсбелгісіне Қорғалжын ауданындағы Сабынды орта мектебініӊ математика пәнініӊ мұғалімі Баян Қайыржанқызы мен Көкшетау қаласындағы Мәлік Ғабдуллин атындағы №3 көптілде оқытатын мектеп-гимназиясыныӊ қазақ тілі мен әдебиеті пәнініӊ мұғалімі Шаттық Қарасартова ие болды. Ардагер ұстаздарға да құрмет көрсетіліп, құшақтары гүлге толды.

Сондай-ақ, бірқатар мұғалімдерге облыс әкімініӊ Алғыс хатымен "Бурабай-Дисковери" сауықтыру орталығына жолдама табыс етілді. Тағы бір атап өтерлігі, жиында еліміздіӊ болашақ интеллектуалдық әлеуетін дамытуға өз үлестерін қосып, Жапония, Үндістан, Испания, Болгария, Италия және Белорусия елдерінде өткен халықаралық байқауларға қатысып, жеӊімпаз атанған бірқатар мұғалімдерге 100 мыӊ теӊге көлемінде сертификаттар табыс етілді.

Салтанатты шара концерттік бағдарламаға ұласты.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны