16.02.2018, 17:30 6487

Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде кеӊейтілген алқа отырысы өтті

Өткен жылы терроризм мен діни экстремизмді, суицид, зорлық-зомбылықты насихаттайтын 9 мыӊға жуық сайттыӊ жұмысы тоқтатылды. Илеуметтік желілерде осы сарындағы 230 мыӊ материал жойылды

Астана. 16 ақпан. Kazakhstan Today - Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде ҚР Премьер-министрініӊ орынбасары Асқар Жұмағалиевтіӊ қатысуымен кеӊейтілген алқа отырысы өтті.

"Цифрландыру саласында сіздер құзыретті орталыққа айналу керексіздер. Бұл үшін сіздерде барлық ресурстар мен мүмкіндік бар. Мобильді үкіметті қалыптастыру үшін мекемелердіӊ ақпараттық жүйелерін біріктіру үрдісін қарқынды түрде жүргізіп, халықты жаӊашылдықтар туралы құлағдар етуге де күш салыӊыздар", - деді А. Жұмағалиев.

Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев өз кезегінде министрліктіӊ "Цифрлық Қазақстан" бағдарламасы аясында атқарылып жатқан іс-шаралары туралы баяндап, алдағы мақсат-міндеттерімен бөлісті.

Қазақстан Республикасы ақпарат және коммуникациялар министрі Д. Абаев Министрлік коллегиясыныӊ кеӊейтілген алқа мәжілісіндегі баяндамасында былай деді:

2017 жыл ақпарат және коммуникациялар министрлігі үшін түрлі жаӊалыққа толы болды. Мемлекет басшысы біздіӊ алдымызға қойған барлық тапсырманы жүзеге асыруға кірістік.

Бір жылдыӊ ішінде жоспардағы шаруаларды толық атқардық деген ойдамын. Олардыӊ арасында ақпарат саласы, байланыс, ақпараттандыру мен мемлекеттік қызмет бағыттары бар. Сонымен қатар, ақпарат және коммуникация бойынша заӊ жобасына түзетулер енгізілді. Еӊ бастысы биыл "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасы қабылданды.

Осындай ауқымды жұмыстардыӊ жүзеге асуына әріптес ретінде атсалысқан, біздіӊ саланыӊ дамуына қол ұшын берген ұжымдардыӊ ауқымы кеӊ.

Министрліктіӊ атынан Президент Икімшілігініӊ, Парламент Мәжілісініӊ, Үкіметтіӊ өкілдеріне. Сонымен қатар, ведомствалық ұйымдар мен азаматтық секторға және журналистер қауымына алғыс айтқым келеді.

Ал енді, Ақпарат және коммуникациялар министрлігініӊ 2017 жылы атқарған жұмыстары мен осы жылғы жоспарларын таныстыруға рұқсат етіӊіздер.

"АҚПАРАТ"

2017 жылы мемлекеттіӊ ақпараттық жұмысын жүзеге асыратын жаӊа жүйелердіӊ бірі Бірыӊғай медиа-жоспарды қабылдадық.

Осыныӊ нәтежиесінде, мемлекеттік органдардыӊ медиа жоспарындағы жұмыстарды ұйымдастыруда бірнеше артықшылықтар пайда болды. Мақсатты аудиторияныӊ сұраныстарына назар аударылды.

Сонымен қатар, мемлекеттік ақпараттық тапсырыстыӊ тәртіптерін жаӊарттық. Осылайша: шешім қабылдау процесіне қоғамдық ұйым өкілдері тартылды. Медиа-өнімніӊ тиімділігін есепке алатын индикаторлар сияқты артықшылықтар енгізілді.

Журналистер қауымыныӊ шығармашылық белсенділігін арттыру мақсатында Министрлік тарапынан әр жыл сайын телевизиялық "Тұмар" премиясы мен басылым, радио және интернет саласы үшін "Үркер" премиясын тағайындадық.

"Astana Media week" халықаралық медиа-аптасы да жоғары деӊгейде өтті. Оған республикалық және аймақтық 25 арна мен жүзге жуық продакшн-компаниялар қатысты.

Бұл шара өз нәтежиесін берді. Телебағдарламалар, реалити-шоу, мультфильм, көркем және деректі фильмдерді тамашалап, оларды демеу мақсатындағы тиімді келісімдерге қол жетті.

Телевизиялық өнім туралы айтар болсақ, мемлекеттік тапсырыс аясында өткен жылы 40 сериал түсірілді. Олардыӊ он екісін коммерциялық арналар жүзеге асырды. Бұл Қазақстан үшін үлкен жетістік деп айтуға негіз бар.

Қосымша ақпарат үшін айтайын: 2016 жылмен салыстырғанда сериалдардыӊ толық хронометражы екі жарым мыӊ сағатқа артық болды.

Біздіӊ сериалдарды көрсету құқығына Ресей, Қытай, Қырғызстан мен басқа мемлекеттер қызығушылық танытты.

Теле өнімдерімізді тұтынушылардыӊ дені шет елдерде тұратын отандастарымыз. Біз өзге мемлекетті мекендейтін қандастарымыздыӊ аудиториясын әрдайым естен шығармауымыз қажет. Бұл туралы Мемлекет басшысы да бірнеше рет айтқан болатын.

Сондықтан да көрші мемлекеттердегі шағын ғана аумақты мекендеп отырған қазақтардыӊ өзіне біздіӊ елде шығатын баспасөз жетуі қажет. Мемлекеттік арналар көрсетілуі тиіс. Жылдыӊ аяғына дейін осы салаға жауапты вице-министрге мемлекеттік арналармен, баспасөзбен бірігіп тиісті мәселені шешуді тапсырамын.

Бұл бағыттағы оӊ қадамды "GalamTV" интернет-телеарнасын жаӊарту арқылы жасадық. Яғни қазақстандық арналарды өзіміздіӊ елде де, шет мемлекетте де жоғары сапамен көрсету үшін қажетті техникалық жұмысты сәтті аяқтадық. Сонымен қатар, бұл жобаны мобильді қосымша арқылы да көруге мүмкіндік бар.

Стратегиялық маӊызды сұрақтардыӊ бірі - цифрлық эфирлік теле-радио хабарларын тарату. Бүгінгі таӊда халықтыӊ 82% қамтылған. Биылғы жылы, Маӊғыстау мен Жамбыл облыстарына цифрлық эфирлік теле-радио хабарларын тарату жүйесін енгізуді жоспарлап отырмыз.

Цифрлық телевизиялық станция құрылысыныӊ жоспарлы түрде орындалуын қадағалауды осыған жауапты вице-министр мен "Зерде" Холдингіне тапсырамын.

Мемлекеттік радио хабарларын тарату да тиісті жұмыстарды қажет етеді. "Қазақ радиосын" 2 миллион адам тыӊдай алмай отыр. "Шалқардыӊ" үні 5 миллион тұрғынға жетпейді екен. Бұл әсіресе еліміздіӊ шекаралық аймақтарына қатысты деректер.

Биылғы жылы Алматы, Оӊтүстік Қазақстан мен Шығыс Қазақстан облыстарыныӊ 300 мыӊ тұрғыны бар шекаралық аудандарында орналасқан 12 елді мекенге радио желісін жеткізу жоспарланып отыр. Болашақта бұл жұмыстыӊ ауқымы кеӊейе түседі.

Өздеріӊізге мәлім. 2017 жылдыӊ 28-ші желтоқсанында Президент ақпарат және коммуникациялар жөніндегі заӊ жобасына қол қойды. Бұл заӊ біздіӊ азаматтардыӊ құқығын қорғаудыӊ механизмдерін күшейтеді. БАҚ саласына, байланыс операторларыныӊ жұмысына қатысты талаптарды оӊтайландырады.

Министрлік ақпараттық кеӊістікте тиісті заӊныӊ сақталуын қамтамасыз ету бойынша жұмысты жалғастырады.

Өткен жылы терроризм мен діни экстремизмді, суицид, зорлық-зомбылықты насихаттайтын 9 мыӊға жуық сайттыӊ жұмысы тоқтатылды. Илеуметтік желілерде осы сарындағы 230 мыӊ материал жойылды.

"РУХАНИ ЖАӉҒЫРУ"

Президентіміздіӊ "Болашаққа бағдар: рухани жаӊғыру" бағдарламалық мақаласы аясында Министрлік "Қазақстанныӊ 100 жаӊа есімі" жобасын жүзеге асырды. Ашық дауыс беру негізінде 100 жаӊа есімніӊ тізімі белгілі болды. Олар өз еӊбектерімен биік белестерді бағындырған қарапайым жандар. 2017 жылдыӊ 1-ші желтоқсанында олар Мемлекет Басшысымен кездесті.

Биылғы жылы екі бағыт бойынша жұмыс істейміз: Біріншіден, 100 жаӊа есімге лайық болған тұлғалардыӊ жетістікке жетудегі тарихын көрсету жалғаса береді. Екіншіден, сол кісілердіӊ өздері ұсынған ерекше жобаларға мемлекет жан-жақты қолдау жасайды.

Осы бағытта атқарылған жұмыстар туралы толығырақ, ақпарат Комитетініӊ Төрайымы Мауберлинова Нұргүл Өсербайқызы айтып берді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны