16.07.2013, 13:20 2990

"Ақтау теңіз порты" АЭА Каспий маңы мемлекеттеріне мұнай экспорттауға қайта бағыттау қажет

Қазақстанның Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі "Ақтау теңіз порты" арнайы экономикалық аймағын (АЭА) мұнай-газ секторын қамтамасыз етуге, оның ішінде Каспий маңы мемлекеттеріне мұнай экспорттауға қайта бағыттауды ұсынды, деп хабарлады индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Альберт Рау Үкімет отырысында.

Астана. 16-шілде. Kazakhstan Today - "Ақтау теңіз порты" АЭА Каспий маңы мемлекеттеріне мұнай экспорттауға қайта бағыттау қажет, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазақстанның Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі "Ақтау теңіз порты" арнайы экономикалық аймағын (АЭА) мұнай-газ секторын қамтамасыз етуге, оның ішінде Каспий маңы мемлекеттеріне мұнай экспорттауға қайта бағыттауды ұсынды, деп хабарлады индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Альберт Рау Үкімет отырысында.

"Жағымды нәтижелерге қарамастан АЭА әлеуеті жеткілікті пайдаланылмайды деп есептейміз. АЭА қызметінің басты бағыты мұнай-газ секторын барынша қамтамасыз ету және Теңіз портын Каспий арқылы АЭА-та өндірілген өнімді сыртқы нарықтарға шығару үшін пайдалану болуы тиіс. Жалпы алғанда АЭА қайта іске қосу қажет, "Теңіз порты" сөзінен алшақтап, мұнай-газ секторына қайта бағытталуы керек, оның ішінде Каспий маңы мемлекеттеріне экспорттау", - деді А.Рау.

Сонымен қатар, ол аталған АЭА дамуында сонымен бірге жағымды тенденциялар байқалуда екенін айтты.

Осылайша, бүгінгі таңда жеке инвестициялардың бөлінген бюджеттік қаражатқа арақатынасы 1 бюджеттік теңгеге 2,5 теңгені құрайды. Өндіріс көлемдері 118 млрд теңгеге жетті, бұл АЭА аумағындағы өндірістің жалпы көлемінің 44 % құрайды.

Өз кезегінде, салық төлемдерінің көлемі бюджет қаражатынан салынған көлемнен 2 млрд теңгеге артық.

Сонымен бірге, № 3 аймағы инфрақұрылымы құрылысы толығымен аяқталған, 15 жоба бойынша аумақ белгіленген, 5 жоба жұмыс істеп жатыр.

Бұдан өзге, № 1 аймағы инфрақұрылымының құрылысы бойынша жұмыстар жалғасуда, үстіміздегі жылы 1,4 млрд теңге, 2014 жылға 1,6 млрд теңгеге өтінім қарастырылған. 2015 жылы аяқтау жоспарланған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны