10.04.2008, 16:09 3108

Ақтөбе облысында бірқатар полиция шенеуніктері қызметтерінен босатылды

Ақтөбе облысында бірқатар полиция шенеуніктері қызметтерінен босатылды

Ақтөбе. 10 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Ақтөбе облысында бірқатар полиция шенеуніктері қызметтерінен босатылды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Ақтөбе облысының ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. Ақтөбе облысының ІІД хабарлағандай, бұған үстіміздегі жылдың қаңтар айында жасалған екі жол полициясының өлімін тергеу кезінде жіберілген бірқатар заң бұзушылықтар себеп болған.

"Аталмыш қылмысты ашу және тергеу кезінде жіберілген заң бұзушылықтар сегіз адамның заңсыз тұтқындалып, қамалуына себеп болған", - деп хабарлады Ақтөбе облысының ІІД баспасөз қызметінің бастығы Алмат Иманғалиев.

Алайда, оның айтуынша, кейіннен олар облыстық прокуратураның ықпал етуімен босатылған. Орын алған оқиғадан кейін Астана қаласында Ақтөбе облысының ІІД-де болған төтенше оқиғаны тергеу дерегі бойынша ҚР ІІМ алқа мәжілісі болған. нәтижесінде ҚР ІІМ алқа мәжілісінің шешімімен Ақтөбе облыстық ішкі істер департаментінің бірқатар басшылары қызметтерінен босатылды.

Атап айтқанда, облыстық ІІД бастығының бірінші орынбасары Александр Меньших, облыстық ІІД бастығының орынбасары Есен Есмаханов, жол полициясының бастығы Алдияр Көптілеуов пен криминалдық полиция бастығы Мұса Мұздақбай қызметтерінен кетті.

"Ақтөбе облыстық ІІД бастығы Патрис Нокин өз қызметіне толық лайықты еместігі туралы ескерту алды", - деп атап көрсетті баспасөз қызметі.

Сонымен бірге, Ақтөбе облысының прокуратурасы қылмысты ашуға қатысқан полиция қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс қозғады.

"Қазіргі уақытта жол полициясының қызметкерлерін өлтірген қылмыскер анықталып, тұтқындалды. Тергеу амалдары жүріп жатыр", - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны