05.10.2007, 15:22 4132

Ақтөбе облысында Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің әскери бөлім тылының бұрынғы басшысы пара бергені үшін сотталды

Ақтөбе облысында Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің әскери бөлім тылының бұрынғы басшысы пара бергені үшін сотталды


Ақтөбе. 5-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Ақтөбе облысында Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің 2030 әскери бөлімінің бұрынғы тыл басшысы пара бергендігі үшін сотталды. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне облыстық Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес департаментінің баспасөз қызметінде хабарлады.

Департамент ақпаратына сүйенсек, подполковник тергеуші-криминалистке 1000 АҚШ доллары көлемінде ақша беріп, сатып алмақшы болғаны үшін сотталған.

Қаржы полициясының айтуынша, "тыл басшысы қылмыстық жауапкершіліктен осылайша жалтармақ болған. Бұған дейін тергеушілер "ол екі ғимараттың жөндеу жұмыстарына байланысты мемлекеттік сатып алу қызметінің баға ұсыныстарына қатысу үшін" комиссия құрамына таныстық жолмен қоспақшы болған жақын кәсіпкер досының мүддесіне қызмет жасады, деп күдіктенген болатын". Ақтөбе гарнизонының әскери сотында өтіп жатқан бұл іс бойынша сот процесі бірнеше күн бұрын аяқталған болатын.

Шығарылған үкімге сәйкес, подполковниктің лауазымды тұлғаға пара бергендігі үшін (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 380 бабының 1 тармағы және 312 бабының 2 тармағы) кінәлі деп танылып, оған айыппұл түрінде жаза белгіленді.

Сондай-ақ, сот үкімінің заңдық күшіне енуіне байланысты айыпкер өз қызметінен босатылды.




Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны