31.07.2007, 15:27 6038

Ақтөбе облысында мыңға жуық елтіріні Ресейге шығаруға бағытталған контрабандалық әрекеттің жолы кесілді

АҚТӨБЕ. 31 - шілде. Kazakhstan Today. Ақтөбе облысында мыңға жуық елтіріні Ресейге шығаруға бағытталған контрабандалық әрекеттің жолы кесілді. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Ақтөбе облыстық кедендік бақылау департаментінен хабарлады.

Кедендік бақылау департаментінің ақпараттарына сүйенсек, Мәртөк ауданының Жайсан теміржол станциясының кеденшілері Алматы - Мәскеу бағытындағы жолаушылар поезының бір вагонынан төбеаралық қуысынан өңделген терілер тапқан. Жүктің иесі - жолсерік тауар құжаттары мен оны алып жүруге рұқсат беретін құжатты көрсете алмаған. "Тәркіленген терінің жалпы саны 920-ға жетеді",- деп түсіндірді кеденшілер.

Қазіргі уақытта аталмыш дерек бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 209-бабы бойныша (экономикалық контрабанда) қылмыстық іс қозғалды. "Күдікті тауарды қайда апара жатқандығын, сонымен қатар тәркіленген терінің жалпы бағасы тергеу барысында анықталады",- деп атап өтті кедендік бақылау департаментіндегілер.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны