29.04.2009, 15:57 2829

Ақтөбе облысында "Мұғалжар" кедендік бекетінінің бас маманына мемлекетке 29,5 млн. теңге залал келтірді деген айып тағылды - қаржы полициясы

Ақтөбе облысында "Мұғалжар" кедендік бекетінінің бас маманына мемлекетке 29,5 млн. теңге залал келтірді деген айып тағылды - қаржы полициясы

Астана. 29 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Ақтөбе облысында "Мұғалжар" кедендік бекетінінің бас маманына мемлекетке 29,5 млн. теңге залал келтірді деген айып тағылды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) ресми өкілі Мұрат Жұманбай бүгін өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Ақтөбе облысында "Мұғалжар" кедендік бекетінінің бас маманына қатысты көпэпизодты қылмыстық іс тергелуде. Ол Қандыағаш стансасында "КНПЗ ТРЕЙД" ЖШС-не тиесілі шикі мұнаймен келген вагондарды қараусыз, бірнеше рет шикі мұнайдың орнына композит деп ресми құжаттарға жалған мәліметтер енгізген. Оның қылмыстық іс-әрекеті нәтижесінде мемлекетке 29,5 млн. теңге залал келтірілген. Лауазымды тұлға және ЖШС директоры қамауға алынды",- деді ресми өкіл.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны