04.07.2011, 13:28 4171

Ақтөбе облысында полицияның екі қызметкерін өлтірді деген күдіктілердің кім екендіктері анықталды

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, Ақтөбе облысының Темір ауданындағы Шұбаршы ауылында болған қылмысқа - полицейлерді өлтіруге қатысы бар деген алты күдікті анықталды, деп хабарлады облыстық ішкі істер департаментінен.

Ақтөбе. 4-шілде. Kazakhstan Today - Ақтөбе облысында полицияның екі қызметкерін өлтірді деген күдіктілердің кім екендіктері анықталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, Ақтөбе облысының Темір ауданындағы Шұбаршы ауылында болған қылмысқа - полицейлерді өлтіруге қатысы бар деген алты күдікті анықталды, деп хабарлады облыстық ішкі істер департаментінен.

Полицейлердің анықтауынша, полицияның қызмет көлігіне қарулы шабуылды Темір ауданының алты тұрғыны жасаған, олардың төртеуі - осы оқиға болған Шұбаршы ауданынан.

Күдіктілердің ересегі - 43 жаста, қалғандары - 22-27 жастың аралығында. Шабуыл жасалған "Мицубиси Делика" көлігінің иесі - Шұбаршы ауылының 25 жастағы тұрғыны болып шықты.

Қылмыстың бетін ашу үшін арнайы жедел-тергеу тобы құрылғанын ҚазАқпарат бұған дейін хабарлаған болатын. Оқиға орнын тексеру кезінде патрон гильзалары тәркіленіп, оларға сараптама жүргізілді. Сондай-ақ Шұбаршы ауылының іргесінен қылмыскерлер тастап кеткен "Митсубиси Делика" көлігі табылды.

Аса қауіпті қылмыскерлерді ұстауға Ішкі істер министрлігінің "Сұңқар", "Бүркіт", "Арлан", "СОБР" жасақтары, Ақтөбе облысы Ішкі істер департаменті мен ішкі әскердің жеке құрамы жұмылдырылып отыр.

Қазір тәртіп сақшылары күдіктілерді іздестіруде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны