12.06.2007, 11:35 1327

Ақтөбе облысының басшылығы мүгедек балаларға қосымша жәрдемақы төлемекші

АҚТӨБЕ. 12-маусым. Kazakhstan Today. Ақтөбе облыстық билігі 16 жасқа толмаған мүгедек балаларға қосымша жәрдемақы төлемекші. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне Ақтөбе облыстық әкімшілігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Облыс әкімінің баспасөз хатшысының айтуынша, мүгедек балалар мемлекет төлеп отырған жәрдемақының сыртында қосымша 3 мың теңге алатын болады. "Облыстық бюджеттен төленетін қосымша төлемақылар 1-шілдеден бастап осы жылдың аяғына дейін төленеді",- деді баспасөз хатшысы. Оның айтуынша, қазіргі жағдаймен Ақтөбе облысында 1435 мүгедек бала бар.

Сонымен бірге ертеректе облыстық бюджет Ұлы отан соғысының ардагерлері, олардың жесірлері мен интернационалист-жауынгерлердің коммуналдық қызмет ақысын өз мойнына алған болатын. "Олар ыстық су, жылу, абоненттік телефон байланысы, кәріз жүйесі мен газдың төлемінен өмір бойы босатылды",- деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны