12.05.2010, 13:37 1547

Ақтөбе тұрғыны ҚХР азаматшасына қарақшылық шабуыл жасап, оның джип көлігін айдап әкеткен

Ақтөбе тұрғыны ҚХР азаматшасына қарақшылық шабуыл жасап, оның джип көлігін айдап әкеткен

Ақтөбе. 12 мамыр. Kazakhstan Today - Ақтөбеде ҚХР азаматшасы қарақшылық шабуылға душар болды. Беймәлім біреу оның "Тойота Прадо" маркалы қызметтік көлігін тартып алып, қаладан ізін жасырып кеткен, деп хабарлайды Kazakhstan Today Ақтөбе облыстық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "10 мамырда бір мұнай компаниясында инженер болып істейтін 31 жастағы шетелдік әйел жол полициясы жасағына шағымдана келген. Ол хабарлағандай, шамамен сағат 17 кезінде "Мега Ақтөбе" сауда-ойын-сауық орталығының жанында белгісіз біреу байқатпай келіп оның "Тойота Прадо" маркалы қызметтік көлігінің артқы жағына кіріп алған, сосын оның мойын түсына белгісіз бір затты тақап ұстап қорқыту арқылы қала сыртына жаңа автобазар маңына шығуға мәжбүрлеген. Бұдан кейін одан 22 мың теңге көлеміндегі ақшасы мен ұялы телефонын тартып алған. Ал қала сыртында қарақшы оған жолаушы орындығына ауысып отыруды бұйырған. Сол сәтте әйел көліктен секіріп түсіп, қашып үлгерген. Қарақшы оның артынан қумай, көлік тізгініне отырып, тайып отырған. Шетелдік әйел жол-жөнекей көлік тоқтатып, жол полициясының кезекші жасағына шабуыл жайлы хабар берген".

Дабыл бойынша полицияның кешенді күштерінің барлық жасақтарына бағдар берілді. Сол маңайды сүзіп шығу барысында күдікті Богословск айналмасы маңындағы орманда көзге түскен. Ұстау шарасы кезінде ол қашып кетуге талпынды, сол кезде тәртіп сақшылары ескерту мақсатында аспанға екі оқ, көліктің дөңгелегіне қаратып екі оқ атты. Ұсталған қарақшылық шабуылды көлікті иемденіп алу үшін жасағанын қолға түскен соң баяндап берді.

"Бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 179-шы бабы (қарақшылық) бойында қылмыстық іс қозғалды. 19 жастағы Ақтөбе тұрғыны - күдікті қазір уақытша тергеу абақтысына қамалды", - деп хабарлайды ІІД баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны