26.02.2008, 14:24 2988

Ақтөбеде 75 млн теңге көлемінде алаяқтық жасады деген күдікпен жергілікті тұрғын әйел ұсталды

Ақтөбеде 75 млн теңге көлемінде алаяқтық жасады деген күдікпен жергілікті тұрғын әйел ұсталды

Ақтөбе. 26 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Ақтөбеде 75 млн теңге көлемінде алаяқтық жасады деген күдікпен жергілікті тұрғын әйел ұсталды. Бұл туралы агенттік тілшісіне Ақтөбе облыстық ІІД хабарлады.

Облыстық ІІД-нің баспасөз хатшысы Алмат Иманғалиевтің ақпаратына сәйкес, 37 жастағы күдікті әйел облыс орталығы тұрғындарының, әсіресе, кәсіпкерлердің сеніміне кіру арқылы мемлекеттік құрылымдар, банктер мен құқық қорғау органдарында жұмыс істейді-міс делінген байланысы мол, танымал адамдарды танитындығын алға тарту арқылы оларға арзан бағаға элиталық пәтерлер, жер телімдері мен өндірістік базаларды ұсынып отырған.

"Ол аталған жылжымалы мүліктер банктерде кепілдікте тұр және саудаға шығарылды деп айтқан. Адамдар оған ақшаларын беріп, құралақан қалып отырған", - деді А. Иманғалиев.

Оның айтуынша, "қазір тергеудің қолында ұсталған әйелдің 7 млн теңге, 26 млн теңге және 41 млн теңге, барлығы 75 млн теңгенің үш алаяқтық оқиғасына қатысы бар екендігі туралы деректер бар".

Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны