09.07.2007, 18:07 2940

Ақтөбеде полиция тергеушісі пара алу үстінде құрықталды

АҚТӨБЕ. 9-шілде. Kazakhstan Today. Ақтөбеде Сазды полиция бөлімінің тергеушісі пара алу үстінде құрықталды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне Ақтөбе облыстық ІІД-нің баспасөз орталығынан хабарлады.

Орталықтың хабарлауынша, полицияның аға лейтенанты ақтөбелік бір тұрғынның үстінен ҚР қылмыстық кодексінің "алаяқтық жөніндегі" 177-бабы бойынша қозғалған қылмыстық істі тексеруді тоқтату үшін 15 мың теңге талап еткен.
Оны Ақтөбе облыстық ІІД ішкі қауіпсіздік басқармасы мен ҰҚКД қызметкерлері пара алып жатқан сәтте қолға түстірді.

Қазір тергеуші уақытша тергеу абақтысында отыр, оның үстінен қылмыстық іс қозғалды.

Жалпы ағымдағы жылдың басынан бері сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыстары үшін облыста 11 полиция қызметкері қылмыстық жауапкершілікке тартылған.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны