12.03.2008, 09:38 1199

Ақтөбеде салық төлеуден жалтарғаны үшін кәсіпкер қылмыстық жауапкершілікке тартылуда

Ақтөбеде салық төлеуден жалтарғаны үшін кәсіпкер қылмыстық жауапкершілікке тартылуда

Ақтөбе. 12 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Ақтөбеде ірі көлемдегі салық төлеуден жалтарғаны үшін жергілікті тұрғын қылмыстық жауапкершілікке тартылуда. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне облыстық сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес департаментінде хабарлады.

Атап айтқанда, осы мекеменің баспасөз хатшысы Инуар Добрашев айтқандай, қылмыстық іс "Жаңажол+" ЖШС директорына қатысты қозғалған. Ол 2004 жылдың қаңтар айынан 2006 жылдың 31 желтоқсанына дейін салықтың бюджетке төленуіне байланысты декларация мен басқа да құжаттарға өз фирмасының табысы мен шығысы туралы жалған мәліметтер енгізе отырып, қасақана салық төлеуден жалтарған".

Соның салдарынан күдікті бюджетке 16 млн теңгеден астам соманы аудармаудың амалын тапқан. Осы оқиға бойынша тергеу жүргізілуде.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны