08.07.2016, 21:27 4760

Алғаш рет полиграфта шақыруға жауаптыларды тексерді

Қазақстанныӊ Қарулы Күштерінде алғаш рет шақыруға жауапты қорғаныс істері жөніндегі аумақтық органдары әскери қызметшілерініӊ полиграф аппаратында тексерілуі жүргізілді

Астана. 8 шілде. Kazakhstan Today - Қазақстанныӊ Қарулы Күштерінде алғаш рет шақыруға жауапты қорғаныс істері жөніндегі аумақтық органдары әскери қызметшілерініӊ полиграф аппаратында тексерілуі жүргізілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Бүгінгі күні елімізде көктемгі шақыру науқаны толығымен аяқталған кезде Астана және Ақмола облысыныӊ жергілікті әскери басқару органдарыныӊ келісімшарт және шақыру бойынша әскери қызметке іріктеу бөлімшелерініӊ 20-ға жуық әскери қызметшісі тексерілді. Тексеріс белгіленген режімде өтті. Сауал қойылғандарға оӊ жауапты қажет ететін сұрақтар қойылды. Қазіргі уақытта алынған нәтижелер мамандармен өӊделуде. Полиграфологтар қолданылатын алгоритмге сәйкес жауаптарды талдайды, деп хабарлады Қорғаныс министрлігініӊ баспасөз қызметі.

Мұндай практика Қазақстанныӊ Қарулы Күштерінде алғаш рет енгізіліп отыр. Осы жылдыӊ соӊына дейін арнайы кесте бойынша полиграфта еліміздіӊ барлық өӊірлеріндегі шақыруға жауаптылар тексерілетін болады. Полиграф заӊға қайшы іс-әрекеттіӊ жүзеге асуын алдын алады, сонымен бірге, аталған бағытта жасалған қылмысты әшкерелеуге септігін тигізеді деп күтілуде.

Сонымен бірге, қазіргі кезде әскери қызметке шақыруды тиісті өӊір әкімі орынбасарыныӊ басшылығымен тек шақыру комиссиясы жүзеге асыратынын айта кету қажет. Икім комиссия құрамын тағайындайды. Оған денсаулық сақтау, ішкі істер, білім, қоғам ұйымдарыныӊ, Ұлттық қауіпсіздік комитетініӊ өкілдері енгізіледі. Искери қызметшілер бір лауазымдық тұлға ретінде ұсынылған.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны