26.11.2009, 17:30 2779

Алматы қалалық Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес департаменті төрағасының орынбасарына қатысты қылмыстық істі тексеру аяқталуға жақын - Бас прокуратура

Алматы қалалық Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес департаменті төрағасының орынбасарына қатысты қылмыстық істі тексеру аяқталуға жақын - Бас прокуратура

Астана. 26 қараша. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің Алматы департаменті төрағасының орынбасары Айдын Жантелеевке қатысты қылмыстық істі тексеру аяқталуға жақын. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының ресми өкілі Нұрдәулет Сүйіндіков бүгін өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

" Алматы қалалық Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес департаменті төрағасының орынбасары Айдын Жантелеевке қатысты қылмыстық істі тексеру аяқталуға жақын. Таяу уақыттарда тергеу түпкілікті процессуалдық шешім қабылдайды. Меніңше бұл таяу уақыттардың ісі ", - деді Нұрдәулет Сүйіндіков.

Айдын Жантелеевтің процессуалдық іске араласу дерегіне (куәгерлерді сұрастыру) қатысты журналист сұрағына жауап берген ҚР Бас прокуратурасының ресми өкілі Нұрдәулет Сүйіндіков : "Бұл дерек бойынша тергеуді жүргізіп жатқан арнаулы прокурор түсініктеме берді, ол мұндай деректің болуын жоққа шығарады",- деді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны