08.06.2007, 15:03 4365

Алматы қалалық жол полициясы басқармасы көлік иелерінен заңсыз алым жинау деректері бойынша полицияға жүгінуді нұсқайды

АЛМАТЫ. 8 - маусым. Kazakhstan Today. Алматы қалалық жол полициясы басқармасының қызметкерлері көлік иелерін көшеде көліктерін қойғаны үшін заңсыз алым жинау деректері бойынша құқық қорғау органдарына жүгінуді нұсқайды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Көше - бұл ортақ пайдаланатын жер және де оған қаламыздың кез-келген азаматы көлігін қоюға құқылы. Ал егер олар қандай да бір қызмет көрсетсе және де осыған орай процессуалдық нормаларды сақтамаса, онда аудандық ішкі істер басқармасына немесе "Техникалық орталықтың" басшысына шағым жазу керек",- деп мәлім етті Алматы қалалық жол полициясы басқармасының бастығының орынбасары Ермек Құсайынов, "Техникалық орталық" МКК қызметкерлерінің іс-әрекеттерінің заңдылығы туралы сұраққа жауап бере отырып.

Өздеріңізге белгілі, Алматыда "Техникалық орталық" МКК басқаруымен көше тұрағы жүйесі жұмыс істейді. Көлік иелері тұрақ үшін ақша төлеуге мәжбүр, бірақ көбінесе адамдар өздерін "Техникалық орталық" жұмысшылары ретінде таныстырып, өздерінің өкілеттілігін куәландыратын құжатты ұсынбайды және де түбіртек бермейді. Сөйте тұра олар қаланың барлық тұрғындары үшін "Техникалық орталық" белгілеген ортақ тәртіпті желеу етеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны