12.04.2018, 18:44 6571

Алматы қаласында 32 мыӊ адамды жұмыспен қамту жоспарлануда

2017 жылы жұмыспен қамту шараларына 34 708 адам қамтылды, сонымен қатар тұрақты жұмыс орнына 14?975 адам, уақытша жұмыс орнына - 5?286 адам орналасты

Алматы. 12 сәуір. Kazakhstan Today - Алматы қаласында 32 мыӊ адамды жұмыспен қамту жоспарлануда. Мұндай ақпаратты Алматы қаласыныӊ Өӊірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасыныӊ басшысы Мейіржан Отыншиев мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Мейіржан Батырбекұлыныӊ сөзіне сүйенсек, үшінші бағыт - халықты жұмыспен қамту көмегі арқылы еӊбек нарығыныӊ дамуы тұрақты және уақытша жұмыс орындарына жұмысқа орналасуға жәрдемдесуді қарастырады.

2017 жылы жұмыспен қамту шараларына 34 708 адам қамтылды, сонымен қатар тұрақты жұмыс орнына 14?975 адам, уақытша жұмыс орнына - 5?286 адам орналасты.

Жастарға жәрдемдесу шараларыныӊ бірі - "жастар тәжірибесі". Бітірген мамандығы бойынша тәжірибе жинақтау үшін жастар тәжірибесі бағдарламасына 29 жасқа дейінгі түлектер оқу аяқтағаннан кейін 3 жыл аралығында жіберіледі. Жастар тәжірибесі бойынша жұмысқа орналасқан тұлғалардыӊ жалақысы 18 АЕК-тен 25 АЕК-ке дейін ұлғайды, бұл - 60?125 теӊге және ол бюджет қаражатынан төленеді. Сондай-ақ барлық қажетті салықтар (кіріс, зейнеткерлік, әлеуметтік салықтар) алынады.

Одан басқа, жұмыссыздар қоғамдық және әлеуметтік жұмыс орындарына жіберіледі, жалақылары бюджет қаражатынан немесе жұмыс берушілердіӊ қаражатынан төленеді (ҚЖО - 2 ЕТАЖ немесе 56568 теӊге, ИЖО -1 ЕТАЖ- дан кем емес немесе 28284 теӊге).

Анықтама: ҚР "Халықты жұмыспен қамту туралы" заӊға сәйкес уақытша жұмыс орнын құрған кезде тұрақты жұмыс орындарыныӊ бос орындары қолданыла алмайды.

2018 жылғы 10 қаӊтардағы "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудыӊ жаӊа мүмкіндіктері" атты Қазақстан халқына Жолдауында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев халықтыӊ өмір сүру сапасын жақсарту бойынша мәселелерді талқылады. Ол жұмыспен қамтудыӊ сапалылығына және әлеуметтік қамсыздандыру жүйелеріне жеке тоқталды.

Алматы қ. жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды барынша қамту мақсатында, 2018 жылғы Жолдауды орындау бойынша ағымдағы жылда 2017-2021 жж. арналған Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын жүзеге асыру жалғастырылады.

Осыған байланысты 2018 жылға арналған Алматы қаласыныӊ халықты жұмыспен қамту кешенді жоспары өӊделіп, бекітілді, соған сәйкес 32 мыӊ адамды жұмыспен қамту, оныӊ ішінде, мемлекеттік қолдау шарасына 7760 адамды қамту жоспарланған. (әлеуметтік жұмыс орындарына - 960 адам; жастар тәжірибесіне - 800 адам; қоғамдық жұмыс орнына - 2300 адам; кәсіби оқуға қамту - 3500 адам; шағын кредиттермен қамту - 150 адам; 100 АЕК-ке дейін грант беру - 50 адам).

Сонымен бірге, 2018 жылғы Жолдаудыӊ міндеттерініӊ бірі Еӊбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігініӊ сайтындағы enbek.kz атты электронды "Еӊбек биржасыныӊ" кеӊейтілген форматын енгізу, бұл сайтта жұмыс берушілер өздері бос жұмыс орындарын орналастыра алады, жұмыс іздеушілер өздеріне керекті жұмыс бойынша ақпарат біле алады (2017 жылда электронды еӊбек биржасы көмегімен 4,4 мыӊ адам жұмысқа орналасты, 1,1 мыӊ адам түйіндемелерін енгізді) ,- деп хабарлады басқарма басшысы.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны