19.10.2009, 16:10 3172

Алматы қаласында мас жүргізуші жол полициясының инспекторын соғып кеткен

Алматы қаласында мас жүргізуші жол полициясының инспекторын соғып кеткен

Астана. 19 қазан. Kazakhstan Today - Алматы қаласында мас жүргізуші жол полициясының инспекторын соғып кеткен. Бұл туралы ҚР ІІМ-нің тіл саясаты және ақпарат департаментінің жетекшісі Қуанышбек Жұманов бүгін өткен брифингте мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Алматы қаласында 16 қазанда "Toyota Camry" автомашинасының мас күйдегі жүргізушісі өзін тоқтатқан жол полициясының инспекторын соғып кеткен. Полиция қызметкеріне тиісті медициналық көмек көрсетіліп, жүргізуші ұсталды",- деді Қ.Жұманов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны