08.02.2013, 09:37 3788

Алматы қаласының жол полициясы басқармасында 100 бос орын бар

Бұл туралы бүгін Алматы қаласы Жол полициясы басқармасының бастығы Юрий Редько баспасөз мәслихаты барысында мәлімдеді.

Алматы. 8-ақпан. Kazakhstan Today - Алматы қаласының жол полициясы басқармасында 100 бос орын бар, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы бүгін Алматы қаласы Жол полициясы басқармасының бастығы Юрий Редько баспасөз мәслихаты барысында мәлімдеді.

"Мен әр түрлі шағымдар, өтініштер, мәселелермен келген азаматтарды тұрақты қабылдап отырамын. Күнделікті қаралып, қойылған талаптарды бұзатын қызметкерлер әкімшілік тәртіп бойынша қатаң жазаланатын болады және сәйкесінше өз қызметінен босатылады. Қазіргі уақытта бізде 100 бос орын бар. Жол полициясы қызметкері атына кір келтіретін жауапсыз адамдарды қызметке алғанша, аз құраммен жұмыс істеген тиімді", - деді Ю. Редько.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны