10.01.2008, 12:39 1979

Алматы қаласының жол полициясы көлік тізгінінде отырып ұялы телефонды пайдалануға қарсы рейд өткізді

Алматы қаласының жол полициясы көлік тізгінінде отырып ұялы телефонды пайдалануға қарсы рейд өткізді

Алматы. 10-қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Алматы қаласында жол полициясы көлік тізгінінде отырып ұялы телефонды пайдалануға қарсы рейд өткізді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі "КТК" телеарнасына сілтеме жасай отырып.

Телеарна ақпаратына сүйенсек, жол қозғалысы ережесін қатайту туралы заң әлі күшіне енбеген. Оған жақында Елбасы қол қоюы керек. Ал әзірге жол полициясы жүргізушілерге ұялы телефонмен сөйлесу жол-көлік оқиғасын тудыруы мүмкін екендігін айтып түсіндіруде.

"Бұл дұрыс шешім. Шындығында ұялы телефон назарды басқа жаққа бұрады. Егер біз көлік тізгінінде отырып телефонмен сөйлесуді тоқтатсақ, жол-көлік оқиғаларының саны азаяды", - деген пікірде полиция қызметкерлері.

Алайда, телеарна хабарлауынша, "жолда келе жатып телефонмен сөйлесетін барлық жүргізушілерді байқау мүмкін емес. Ұяты бар жүргізуші көліктен шығып, кінәсін мойындайды. Бірақ, ешқашан мойындамайтын адамдар да бар. Бұған бейне дәлелдеме керек", - дейді жол инспекторлары.

"КТК" мәліметтеріне сүйенсек, жаңа заң күшіне енген кезде заң бұзғандарға 5 мың теңге көлемінде айыппұл төлеуге тура келеді.

Соған қарамастан, кейбір жеңілдіктер сонда да болады. Жоғары дыбыспен сөйлесуге және құлаққап пайдалануға болады", - деп толықтырған телеарна.

"КТК" телеарнасының ақпаратына сүйенсек, сәрсенбі күні Алматы облысының жол полициясы басқармасының қызметкерлері 2007 жылды қорытындылаған. Тек облыс бойынша шамамен 2 мың жол-көлік оқиғасы тіркелген. Оның жартысында адам өлімі орын алған. Полиция қызметкерлерінің айтуынша, сенбі күні кешке 21.00 мен 22.00 аралығында апаттар басқа уақыттарға қарағанда көп болады екен.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны